Мұхиттың «Көк Айдай» әнін бізбен бірге үйрен!

Өнернама тарихында өзіндік суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған сирек тұлғалардың бірі сал Мұхит еді. Шандоз ән шебері, халық психологиясының білгірі Мұхит Мералыұлы қашанда дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құруымен тыңдаушысын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырған. 

Оның халық арасына кең тараған  «Көк Айдай» әнi – қазақ музыка мәдениетiнiң алтын қорындағы арналы үлгi деп есептеуге болады.  Ендеше, сіз болып, біз болып Мұхит салдың әнін үйренейік!