Бейнеден туындаған миниатюралар

Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының және Кинематографисттер одағының мүшесі, суретші Үміт Жұбанышеваның негізгі шығармашылық жұмыстары миниатюра  жанрында бейнеленген. Қазіргі таңда Шәкен Айманов атындағы акционерлік қоғамның анимациалық   шығармашылық бірлестігінде суретші болып қызмет атқарады. Қылқалам шеберінің  қатысуымен «Құйыршық», «Байқоңыр», «Көксерек» анимациялық фильмдер жарық көрді. Қарапайым асқабақтың, кәуектің әртүрлі  формаларының өзіне композициялық шешімдер мен түрлі-түсті бояулар арқылы ерекше пішін беріп, өнер туындысына айландыра алатын қылқалам  шеберінің шығармашылығы бағдарламада баян етіледі.