Ақ қағазда қарындашпен бейнеленген әсерлі туындылар

Кез-келген өнердің бастамасы қарындаштан басталады. Сол қарындаштың мүмкіндігін терең білу Серғазы Жаманқараевқа бұйырған. Бүгінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Академиялық сурет  және АПОӘ кафедрасының меңгерушісі, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Серғазы Жаманқараевтың көптеген шығармашылық туындылары Ресей, Турция, Франция, Германия, Қытай, Балтық жағалауы елдерінің жеке қор сақтаушыларының жинағына алынған.