Ұлыстың ұлы күні – Наурыз

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Наурыз мейрамының халқымызда аталып өтілуі мен салт-жоралғылары жайында бағдарлама кейіпкері, ҚР еңбек сіңірген әртісі Серік Оспанов толықтырып бермек.