Өнегелі педагог-суретші Бабабек Салауатов

ҚР суретшілер одағының мүшесі, суретші Салауатов Бабабек 1952 жылы 15 тамызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келген.

1973 – 1977 жылы Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Институтының Көркем-сурет факультетіне түсіп толық курс аяқтайды. 2006 жылы «Академиялық сурет» кафедрасының доцент атағын алды. 2010 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Үздік ұстаз» төс белгіні алды. Осы уақытқа дейін «Академиялық сурет» кафедрасында педагог-суретші маманы болып жұмыс жасап келеді. Ректораттан көп жылғы еңбегім үшін көптеген алғыс алды, құрмен грамотасымен және «Үздік ұстаз» төс белгісімен марапатталды. Тәрбиелі, лауазымды, жақсы суретші болып өскен шәкірттері бар.