Оркестрмен тілдескен дирижер

Әлемдегі ең күрделі мамандықтың бірі – дирижерлыққа кез-келген музыкант бара бермейді. Оған ерік-жігері мықты, қай саладан да хабары бар қайратты да қажырлы адам лайық. Осы күрделі саланың тылсымына терең бойлап, бар ынта-жігерін бекзат өнерге жұмсаған сондай жандардың бірі, домбырашы, композитор – Айтқали Жайымов.