Қазақ музыкасымен бірге өмір сүрген Е.Брусиловский. 2-ші бөлім

Хабарымыздың бірінші бөлімінде қазақтың халық музыкасы мен классиканың үйлесімді синтезін жасаған белгілі композитор Евгений Брусиловский Қазақстанға алғаш көшіп келген тұстағы шығармашылығы жайында айтылса, бағдарламаның бұл санында 50-60 жж. шығармашылығына тоқталып, осы аралықта жазған бірнеше хаттарымен таныс боласыздар. Композитор Евгений Брусиловский қазақтың көптеген зиялыларымен хат алысып тұрды. Солардың ішінде әр уақытта түрлі мемлекеттік қызметтерде жүрген, ал өмірінің соңғы жылдарында Мәдениет министрі болған Ілияс Омаровпен ерекше жақын араласты. Екі тұлғаның достығының куәсі болып өзара алысқан хаттары оқылмақ.