Мүсін шебері Ескен Сергебаев

Ескен Сергебаев - мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер кайраткері. Ол қондырғылы, монументті, монументті-безендіру саласында қызмет етеді. Е.Сергебаев - Абай, М.Әуезов, әл-Фараби  мүсіндерінің авторы, сондай-ақ, қола мен граниттен Әуезов ескерткішін, халық ақыны H.Байғаниннің, I. Жансүгіровтің , т.б. тұлғалардың ескерткіштерін, «Шопан мен күрішші», «Ф.М. Достоевский», «Қазақ эпосы» сынды мүсіндеу өнерінің өшпес туындыларын жасады.