Өмірзақ Шановтың мүсін өнеріндегі ерекше туындылары

Бағдарламамыздың кезекті кейіпкері – мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Өмірзақ Шанов.Тарих оқулықтарынан түрлі мүсіндердің суретін көрген жас Өмірзақ бала 10-12 жасынан мүсін өнеріне қызығушылығы оянады. Бастапқыда ермексаздан жануарларды мүсіндеп, алғашқы ірі туындысы – ауыл топырағынан мүсінделген Лениннің бейнесі болды. Мектепті бітіріп, Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің мүсін факультетінде білім алып, оны аяқтаған соң Мәскеудегі В.И.Суриков атындағы мемлекеттік академиялық көркемсурет инсти­тутының мүсін факультетінің студенті атанады.