Оптика әлеміндегі ғылыми ашылымдар

Көздің көру қасиеттері мен оның құрылысы қандай? Бүгінде адамның 30-40 пайызы түрлі себептермен көзілдірік тағады. Неліктен адамның көзі күрт нашарлап, көру қасиеті төмендей бастайды? Алғаш оптикалық жабдықтардың пайда болуына мүмкіндік туғызған ең бірінші және маңызды құрал ретінде линзаның ерекшелігі неде? Бұл сұрақтардың жауабын «Медицинада төңкеріс жасаған ашылымдар» бағдарламасы іздеп көреді.