«Тізгін» сөзінен туындаған фразеологизмдер

Тізгін – ат әбзелдеріне жатады, яғни жүгенге байланған ұзын қайыс. Екі шеті ауыздыққа байланып келеді, атты басқарып отырады. Бағдарламада «Тізгін тартты», «Тізгінін қолына алды», «Тізгініне жармасты», «Тізгіні қысқа», «Тізгіні бос» тұрақты сөз тіркестерінің қолдану әдісімен таныс боламыз.