Микробтар әлемі

Тірі организмдер әлемінде микробтар ерекше орны алады. Себебі олар ауада, топырақта және суда тіршілік етеді. Көзге көрінбесе де вирус, бактерия, саңырауқұлақ, микроб атаулы біздің құлағымызға жақсы таныс. Алайда, оның өмір сүретін аумағы қандай? Және басқа жаратылыстарға қарағанда басты ерекшелігі неде? Осы микроб атаулының табиғаты қандай? Ол неге қауіпті? «Жаңашыл алаң» осы сұрақтарға жауап іздеп, микробтар әлемін зерттемек.