"Жаныңда жүр жақсы адам"

6-сынып оқушылары қатысқан сабақта "Жақсы адам ол кім?" деген сұрақ талқыға салынды. Ұстаз Абайдың 17-қара сөзін мысалға келтірді. Ақыл, жүрек, қайрат - осы үшеуі кісіде табылса, ол табанның топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам деген еді ғұлама. Сондай-ақ, Шәкәрім Құдайбердіұлының да пайымдары сөз болды.