«Күлтөбенің басында күнде жиын» немесе Әз Тәуке хан ордасына айналған Күлтөбе

Күлтөбе – Түркістанның шығыс шетінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 350 метр жерде орналасқан көне орда. Осы жерде ортағасырлық Ясы қаласының ордасы бар, ол екі қабатты биік төбе болып сақталған. Оның жалпы алаңы екі гектарды алып жатыр. Дегенмен, Күлтөбенің топографиялық ерекшеліктері орта ғасыр дәуіріндегі қоныс үлгісін сипаттайтын «алаңды төбе» түрін болжауға бағыттайды.