Ұлттық кинематографияның негізін қалаушы – Шәкен Айманов. 2 бөлім

Шәкен Айманов шығармашылығының шыңы мен өмірі туралы естеліктер. Бағдарламада ұлы режиссердің көзін көрген жандар өз ойларымен бөліседі. Әйгілі «Артистер үйінің» тұрғындары Шәкен ағаның болмысын еске түсіреді. Режиссердің замандасы, құрдасы көнекөз актриса Хабиба Елебекова көрген-білгенін әңгімелеп береді. Сонымен қатар, жаңа киностудияның өмірге келіп, қалыптасуындағы режиссердің ерекше орны және өмірінің соңғы сәті әңгімеленеді.