Жетіген аспабының сырлы сарыны

Қазақтың күйі қашан да аңыз әңгімемен айтылғаны аян. Сондықтан күй – аңыз бен сазды әуен тұтастығы. Күйдің емеурін мағынасын аңыз айқындаса, аңыздың тұспалды мән-мағынасында бүкіл мәдениет, дүниетаным жатыр. Қазақтың ежелден келе жатқан көне аспаптарының бірі – жетіген. Бағдарламада аспаптың пайда болу аңызы айтылып, күйлер орындалмақ.