Ақпарат ағымы

Елімізде ақпараттық технология қаншалықты дәрежеде дамыған? Осы сауалға жауап іздеген жас ғалымдар мен ақпараттық технологияның көмегіне иек артатын түрлі сала мамандарының қарама-қайшы пікірлері сөз талқысына түсті. Осы бағытта елімізде бірқатар кешенді шаралар жүзеге асқанымен, мемлекеттік тілдегі ғаламтордың ғылыми негізі кейбір мамандардың көңілінен шықпай отыр.