«Тай» сөзіне қатысты фразеологизмдер

Тай құлындай тебіскен жас жеткіншектер келешектің көшін бастайтын ел қорғаны болмақ. Елге жанашыр ер жүректі әр азамат білімді, саналы, ақылды болуға міндетті. Сондықтан тілге қанық, білімі терең, сөзі салмақты болуы керек. Айтар сөздің жалауын желбіретіп тұрған мазмұны терең мағыналы сөз тіркесі ол – фразеологизмдер. Бағдарламаның бұл санында тай сөзін негізге алып, «Тайға таңба салғандай», «Тай-құлындай тебісіп», «Тайпалаған жорға», «Жүрісінен су шай қалмас», «Тай қымыз», «Тай шаптырым жер» және т.б. тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарына бойлап көрейік.