Еліміздегі көркемсурет мектептерінің дәрежесі қандай?

Еліміздегі көркемсурет мектептерінің дәрежесі қандай?

Қоғам бір орында тұрмайды. Өйткені өмір үнемі өзгерісте болады. Осыған орай, сурет өнерінің де даму сатысы жоғарылай береді. Еліміздегі бейнелеу өнерінің бүгінгі даму деңгейі қандай? Қазақстан сурет өнерінің негізін қалаушылар кімдер? «Ғылыми кеңес» бағдарламасының кезекті тақырыбы – қоғам мен сурет шеберлігінің арақатынасы туралы болмақ.

Өскемен. Қос өзен құшағындағы қала

Өскемен. Қос өзен құшағындағы қала

Өскемен Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан шаһар. Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірі саналады. Онымен қоса, шағын және орта бизнес те қарқынды дамып келеді. Аталмыш саладағы еңбегімен қала және қала тұрғындарына өз үлесін қосып жүрген Тасылбаева Жанатты атап айтуға болады. Жанат Өскемен қаласының тұрғындарын, адам ағзасына пайдалы бөдене еті және бөдене жұмыртқасымен қамтамасыз етіп жүрген кәсіпкердің бірі. 2014- ші жылға дейін, бұл өнім Ресейден ғана жеткізілген. Бүгінде, Тасылбаева  Жанат қаладағы дүкен сөрелеріне сапасы жоғары, бағасы қолжетімді өнімдерін ұсынып отыр. 

Қаланың тынысы мен өзге де мақтан тұтар тұрғындары туралы толығырақ бағдарлама барысында біле аласыздар.

Ежелгі Тараз

Ежелгі Тараз

Сан ғасырлық тарихы бар Тараз қаласының ішіне бүккен құпиясы көп. Ежелгі қазақ жерінде мәдениет, саяси-билік құрылымын қалыптастырған орда болды. Демек, Қазақ  хандығының 550 жылдығының да осы өңірде ерекше аталап өтуінің астарында осындай мән бар. Облыстың тарихы, экономикасы, халқы секілді өзекті мәліметтер мен қызықты деректерді осы бағдарламадан таба аласыз

Тәуелсіздікке 25 жыл: Ел мақтаныштарының суреттерінен көрме өтті

Тәуелсіздікке 25 жыл: Ел мақтаныштарының суреттерінен көрме өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында еш жерде жарияланбаған ел мақтаныштарының суреттерінен көрме өтті. Еңбегі еленіп,  сый-құрметке ие болып жатқан жандар жетерлік.  Олар ел мақтаныштары.Тәуелсіздік алғаннан бергі мемлекеттік, қоғамдық және рухани маңызы бар оқиғалар жайында фотошежіре құру мақсатында ұйымдастырылған көрме осы ел мақтаныштарына арналып отыр.     

Қиын-Керіш шатқалының құпиясы

Қиын-Керіш шатқалының құпиясы

Еліміздің Шығысында орналасқан Қиын-Керіш шатқалы неліктен Марс планетасындай қып-қызыл болып келеді. Түрлі-түсті жоталардың бізден жасырған қандай құпиялары бар? Бұл жерлі осыдан миллиондаған жыл бұрын мекендеген тіршілік иелері неліктен қырылып қалды?

 

Қиын-Керіш шатқалының құпиясын «Ұлы даланың құпиялары» бағдарламасымен бірге ашайық!

Қазақстанда трансплантология ғылымының дамуы

Қазақстанда трансплантология ғылымының дамуы

Қазіргі таңда адамның ағзасын алмастыру – адам өмірін сақтап қалудың бірден бір жолы болып отыр. Донорды табу қалай жүзеге асады? Еліміздегі трансплантология ғылымы қаншалықты дамуда? Отандық дәрігерлер ота жасаудың қандай тәсілдерін қолданады және қаншалықты сәтті оталар жасалуда?

Қазақстанның ішкі туризмі қаншалықты дамуда?

Қазақстанның ішкі туризмі қаншалықты дамуда?

Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі ретінде саналады. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ықпалы бар. Бұл дегеніміз - әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады. Ал бүгінгі таңда Қазақстанда ішкі туризмі қалай дамып жатыр, биыл Алматының 1000 жылдығы аясында алып шаһарға туристер келе ме, дайындық қалай жүріп жатыр?!

«Орта Азияның Шыңғысханы» атанған қызу қанды қазақ

«Орта Азияның Шыңғысханы» атанған қызу қанды қазақ

Ленин оны «қызу қанды қазақ» десе, Сталин «Орта Азияның Шыңғысханы» деп атаған. Оқу, білім, баспасөз, ұлттық кадрлар дайындау, жер-су, шекара мәселесінде өлшеусіз үлес қосқан ұлт азаматы, халыққа қазақ атын қайтарып, ұлт көшін Ақмешітке бастап барған, елімізді «Киргизия» емес, «Қазақ Республикасы» деп атау мәселесінде жанын салған ұлы қайраткер, қарымды қаламгер СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ шырғалаңға толы өмір жолы.

Шөгінді тау жыныстары

Шөгінді тау жыныстары

Олар бізді ыстық пен суықтан қорғайды, оларсыз өсімдіктер те, жануарлар да, біз де болмас едік. Біз олардың көмегімен баспана тұрғызуды, жол төсеуді, өнер туындыларын ойлап табуды үйрендік. Олар жер бетінің 75 пайызын алып жатыр. Бұл – шөгінді тау жыныстары. Бұл туралы бағдарламада толығырақ айтып беретін боламыз.