Қазақ ханы Абылай

Қазақ ханы Абылай

Қарымды да қарулы қолбасшы, білікті дипломат. Сыртқы саясаттағы деректері, елшілер құжаты, хаттары – бір төбе. Ақылды билеуші, аңыз ғұмыр иесі хан Абылайдың тұлғасы «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» жобасында.

МАЛАЙСАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖАУЫ ЖОҢҒАРЛАРДАН «ТАРХАН» ДӘРЕЖЕСІН АЛУЫ

МАЛАЙСАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖАУЫ ЖОҢҒАРЛАРДАН «ТАРХАН» ДӘРЕЖЕСІН АЛУЫ

Қазақ жыраулараның Малайсары батырды: «Абылай ханды сан қалмақ қамап жатыр, туындалып шаба гөр, Малайсары!» – деп дәріптеуінде терең сыр жатыр. Иісі қазақтың 90 жақсысын бастап барып, Қазбек би мен Малайсары-Тарханның Абылай ханды Қалдан-Церен қолынан аман-есен босатып алып келгенін бүгінгі күні бірі білсе, бірі білмейді. Бұл жөнінде бірсыпыра дерек Мәшһүр Жүсіп жазбаларында кездеседі.

 

Жоңғарлар да қазақ батырларына ерекше құрмет көрсеткен. Мәселен, Абылай хан мен бірнеше қолбасшыларын тұтқынға алған Қалдан-Церен, елшілікке келген Малайсары батырдың ержүректігі, ерлігі, батылдығына тәнті болып, жау болғанына қарамастан, оған сый-құрмет көрсеткен екен. Батырға, тіпті, Жоңғария мемлекетінде көнеден келе жатқан «ТАРХАН» атағын береді. Бұл – дәрежесі жағынан ханға жақын тұрған ел билеуші шонжарға берілетін даңқ саналады.

 

Осылайша, XVIII ғасырдағы қазақ хандығының тағдыры Абылай ханға байланысты болса, Абылайдың Абылай болуына Малайсарының еңбегі күшті.

Малайсары батырдың «ТАРХАН» аталуына не себеп?

Малайсары батырдың «ТАРХАН» аталуына не себеп?

Жоңғарлар да қазақ батырларына ерекше құрмет көрсеткен. Мәселен, Абылай хан мен бірнеше қолбасшыларын тұтқынға алған Қалдан-Церен, елшілікке келген Малайсары батырдың ержүректігі, ерлігі, батылдығына тәнті болып, жау болғанына қарамастан, оған сый-құрмет көрсеткен екен. Батырға, тіпті, Жоңғария мемлекетінде көнеден келе жатқан «ТАРХАН» атағын береді. Бұл – дәрежесі жағынан ханға жақын тұрған ел билеуші шонжарға берілетін даңқ саналады.

 

 

Осылайша, XVIII ғасырдағы қазақ хандығының тағдыры Абылай ханға байланысты болса, Абылайдың Абылай болуына Малайсарының еңбегі күшті.

Жауғаш батыр

Жауғаш батыр

Қолына ерте қару алып, батыр атанған Жауғаш Қырбасұлы Абылай ханның сенімді серігі ретінде өзге мемлекеттермен мәмілелер жасап, елші болған. 21 жасынан қазақ жерін  жоңғарлардан  тазарту жорықтарына  қатысады және қол бастайды. Абылай хан өзін бір өлімнен құтқарған батырын «Жаралы Жолбарыс» деп атаған.  Бұхар жырау жырларында Абылай хан «Іздесем де табылмас Жауғашжан, сендей құбаша ұл» деп мадақтаған осы Жауғаш батыр болған.

 

Халқымыздың даңқты батыры, көрнекті қолбасшысы Жауғаш Қырбасұлы туралы «ҰЛЫ ДАЛА БАТЫРЛАРЫ» бағдарламасы толығырақ баяндайды.

Әбілқайыр хан жұмбағы

Әбілқайыр хан жұмбағы

Ол жайлы не білеміз?!


Әбілқайыр феноменін танып-білуге ұмтылыстар толастар емес, солардың бірі – жақын арада жа­рық көрген профессор С. Мәшім­баевтың зерттеуі (Әбілқайыр хан.
Астана, 2007.).

 

Жеті тараудан тұратын кітапта XVІІІ ғасырдың 30-жылдарын­да­ғы кіші жүз бен орта жүзде қа­лыптасқан саяси, экономикалық ахуал, Әбілқайырдың шыққан тегі мен ортасы, көрші халықтармен, Ресеймен қарым-қатынасы, Орын­бор әкімшілігі мен хан сая­саты арасындағы қайшылықтар, ханның қолбасылық, мәмілегер­лік қырлары түрлі зерттеулер мен мұрағат мағлұматтары негізінде пайымдалып, бұл мәселелер төңі­ре­гінде автор өз пікірлерін білдіреді.



Отандық және шетелдік зерттеулерде Әбілқайыр ханның тарихтағы орны, қайраткерлігі мен адами кескін-келбеті көпші­лік жағдайда Қазақстанның Ресей империясының құрамына «енуі­не» байланысты анықталып ке­ле­ді.
Бұл орайда ханның Ресей про­текциясында болу туралы өтініші орыс бодандығын қабылдау ре­тін­де суреттеліп, «бодандық» ка­те­гориясына басқаша сипат берілуде.

 

Шындығына келсек, Әбіл­қайыр­дың анталаған жаулармен алыса жүріп жасаған жанкештілік қа­дамында заңдылық та, кез­дей­соқтық та баршылық. Бәрінен бұрын Әбілқайырдың өтініші шығысқа қарай бет алып келе жат­қан мемлекеттің шапқыншы­лы­ғының алдын алған шара бо­лып табылады. Қазақ даласы ерте ме, кеш пе орыс мемлекетінің экспансиясына ұшырайтындығы белгілі еді.

 

Сол кезеңнен бастап бұл оқиға еркіндікті бәрінен де жоға­ры ұстаған қазақтар үшін де жауа­бы жоқ сұраққа айналды. Қазақтармен бірде құдандаласып, бірде жаға жыртысып келген көрші башқұрттардың қанша көтерілсе де отарлықтың қанды шеңгелінен шыға алмағанын көре тұрып, торға өзі барып түсуіне нен­дей жағдай итермеледі, не түлен түртті? Дау-дамайдың да, айтыс-тартыстың да нобайы осы сұрақ төңірегінде.

 

Тарихи құжаттар Әбілқайыр Ресей протекциясын сұрауға шын ниетімен бармаған, ондай қадам жасауға мәжбүр болған деген тұжырымға итермелейді. А. Тев­ке­левтің «Неліктен сіз басқа хандар мен сұлтандардың, беделді стар­шындардың келісімінсіз бұл іске (яғни, Ресей бодандығын қабыл­дауға.) бардыңыз?» деген сұра­ғына, Әбілқайыр «Жылдар бойы қонтайшымен соғысып келемін, оған әлім жетер емес… Оның үс­тіне Еділ қалмақтары, башқұрт­тар, Бұқара және Хиуамен соғыса бастадық. Төрт жағымыздан бірдей жау қоршауында қалдық» деп жауап береді.

 

Бұл жағдайлар – ешкім жоқ­қа шығара алмайтын объективтік шындық. Оның үстіне Әбілқайыр­дың Ресейге бет бұру се­беп­терінің бірі – оның басқа қазақ хандарының алдына шығуға, оларды өз билігіне бағындыруға тырысушылығы болды делінеді. Кіші жүз ханының бұл қасиетін аталмыш оқиғада басты фактор болды деп санауға ешкім сене қоймас, себебі ел басқарған адам­ның билікқұмарлығын қоғам дамуына кереғар келмесе, теріс мағынада түсіндіруге негіз жоқ.

Әбілқайырдың өтініші бойынша қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі 1731 жылы 19 ақ­пан­дағы Анна Иоановнаның грамо­тасында мынандай шарттар қойыл­ды: а) башқұрттар секілді қызмет ету және салық (ясақ) төлеу; ә) жаулар ша­буыл жасағанда орыстар тарапы­нан әскери көмектің көрсетілуі; ал өздерінің (яғни қазақтардың) башқұрттар, қалмақтар және Жайық казактарына шабуыл жасамауы; б) орыс тұтқындарын қайтаруы және орыс көпестері мен сауда-керуен­деріне зәбір-жапа, қысым көрсетпеу, қайта қазақ ауылдары арқылы өт­кенде оларды қорғау және сауданың дамуына қолдау көрсету.

 

Орынбор әкімшілігінің басшы­ларымен болған келіссөздерде «Мені қан майданда жаулап алған жоқсың, орыс бодандығын өз еркіммен қабылдадым, Түркістанға көшіп кетсем, орыс үкіметі мені қай­тара алмайды» деп ашу шақыр­ғанда, Әбілқайыр әлі де болса Ресей билігінің құлақкесті құлы еместігіне кәміл сенді. Оны А.Тевкелев те растайды.

 

Ресей көмегіне сүйену арқылы қа­зақ жерін қоршауға алған жау­лардан құтқарамын деп абайсызда бодандық торына түскен Әбілқайыр ханның бұл әрекеттері патша өкіметі тарапынан ескерусіз қалмады… Отар­лықтың сойылын соғып, бас пайдасының қам-қарекетін ел мүд­десінен жоғары қойған, кеудем­соқ­тық пен көреалмаушылықтың құлы болған Барақ сұлтан уақытша болса да тарих сахнасына шығады. Оның жасақтарымен бірге 1748 жылы тамыз айында Әбілқайырды өлтіруі Ресей отаршылдығының мүддесіне толықтай сай келді.



Әбілқайыр қазақ жерінің бүтіндігін сақтауға, бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға тырысты. Оның барлығын сол замандағы өз танымы, өз пайы­мы тұрғысынан, Ресей көмегі арқылы жүзеге асыруға әрекеттенді. Бірақ ол оқиғалар шырғалаңынан шыға алмады, бір халық келіп екін­ші халыққа жұмақ орнатпайтын­ды­ғы туралы философиялық ой-пікір болашақтың сыбағасында қалды. Әбілқайыр ханның мысалы ел тәуел­сіздігін күмәнді есептерге негіз­делген саяси ойын құралына айналдыруға болмайтындығын көр­сетеді. Тарих мемлекет егемендігіне балама жоқтығын дәлелдейді.


Ол еш­қашан да жеке басының мүддесін өз халқының мұң-мұқтажы мен ар-намысынан артық көрген емес.
Оған бір ғана мысал келтіре кетейік. 1747 жылы, яғни ажалынан бір жыл бұрын өз ордасында өткен кіші жүз бен орта жүз сұлтандары мен старшындарының жиналысында Әбілқайыр: «Мен халқым үшін қызмет етуге әр уақытта дайынмын, керек болса жеке басымды құрбандыққа шалуға да бармын. Сіздерді елдің еркіндігі мен тыныштығы үшін бірлікке шақыра­мын» деп сөзін аяқ­тайды. Ханның бұл үндеуі – бүгінгі күні де өзекті.



С. Мәшімбаевтың зерттеуінде келтірілген мағлұматтар Әбілқай­ыр ханның орыс патшасынан әс­кери одақтастық, тіпті, әрі кет­кенде
«протекторат» жөнінде ғана сұрағаны туралы концеп­циялық тұжырымды растайды. Әбілқайырдың 1748 жылдың маусым айының аяғында Орын­бордан И.Неплюевпен қоштас­пай кетіп қалуы «бодандықта» болудан біржолата бас тартуы деп түсінген жөн. Хан онымен де, А.Тевкелевпен де келіссөз­дерінде алдына қойған мақсатын орындамай, болашақ ұрпақ ал­дын­да абыройсыз болудан «өлім­нің артық екендігін ашық айтады.

 

Көшім ЕСМАҒАМБЕТОВ,

 

тарих ғылымдарының докторы,

профессор.


alashainasy.kz


Шымкентте түсіріліп жатқан «Қазақ елі» мультфильмі халықаралық байқауға ұсынылады

Шымкентте түсіріліп жатқан «Қазақ елі» мультфильмі халықаралық байқауға ұсынылады

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Шымкентте «Сақ» киностудиясы мультфильм түсіруде. Толықметражды туындыда елдің тарихы, Керей мен Жәнібектің балалық шағы, ондағы хандардың билік құрған дәуірі көрініс таппақ.

 

Барақ ханның бейнесін енді бүкіл ел танитын болады. Оның ханға тән қырағылығы мен тұлғасын, елі үшін еткен еңбегін аниматор Жанәділ Байдарбеков суреттеп жатыр. Маманның сөзіне сенсек, алып кейіпкердің әрбір секундтық қимылын жасау үшін кемінде 25 сурет салынады. Ақ орда ханының болмысын дөп жеткізу үшін қылқаламның хас шебері болу жеткіліксіз.

 

«Ханның әрбір қимылын қағазға, компьютерде салмас бұрын оның  образына енеміз, соның қылықтарын жасап көреміз. Рөлді өзіміз ойнап шығамыз. Актер болып, соны жасай отырып, кейіпкерге жан бітіреміз», - дейді аниматор Жанәділ Байдарбеков.

 

«Қазақ елі» мультфильмінің оқиға желісінде Керей мен Жәнібек хандарға Қарт батырдың қылышты, қолбасшылықты меңгертуі көрініс тапқан. Басты кейіпкерлердің Отырарға қаласына барып білім алуы да туындыға еніп отыр.

 

«Қазақ елі» толықметражды мультихикаясының дайындалуы осыдан 9 ай бұрын басталған. Ол үшін бүгінде 50-ден астам маман күндіз-түні ауысыммен қызмет етуде.

 

«Кейіпкерлерді дыбыстауға біз Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың әртістерін шақыртып отырмыз. Туындыдағы «Қарақшы» мен өзге де әндерді  Нұржан Төлендиев және Нұрлан Абдуллин, Сәкен Майғазиев сынды белгілі әншілер орындайды деген жоспар бар», - дейді«Сақ» киностудиясының директорыНұрридин Паттев.

 

Айта өтейік, 1 сағаттық мультхикикая жасау жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, тәуелсіздік күнінде тұсауы кесіледі деп күтілуде. Одан соң «Қазақ елі» толықметражды туындысы халықаралық байқауға ұсынылады.

 

www.otyrar.kz

Тараз қаласында «Ежелгі Тараз» музейі ашылды

Тараз қаласында «Ежелгі Тараз» музейі ашылды

Тараз қаласында Елбасының қатысуымен Қазақ хандығының 550жылдық мерейтойының негізгі шараларының ашылуы өтеді. Мерекелік іс-шаралар аясында Н. Ә. Назарбаев «Ежелгі Тараз» музейінің, «Қазақ хандығына 550 жыл» ескерткіш-монументтің ресми ашылуына қатысып, «Тараз қалашығы» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне барды.

 

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында биыл Тараз қаласының орталығындағы «Тараз қалашығы» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне археологиялық зерттеулер, консервациялау жұмыстары жүргізіліп, оның аумағында «Ежелгі Тараз» жаңа музейі бой көтерді.

 

Ескерткіш аумағындағы археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен бері археологтар бірқатар қалалық құрылыс нысандарының орындарын тапты. Сонымен қатар, осы жерден Қазақстанның ортағасырлық қалаларының ешбірінде табылмаған көлемді алтын, күміс, қола бұйымдары бар құнды қазыналары (әшекейлер) қазып алынды.

 

Осы аумақта табылған құнды жәдігерлер жаңадан салынған «Ежелгі Тараз» музейіне қойылды. Тараз қаласы мен өңірінің 2000 жылдық тарихын көрсететін бұл музейден ежелгі, ортағасырлар (соның ішінде Қазақ хандығы дәуіріне), Әулиеата, Кеңес Одағы және Тәуелсіз Қазақстан кезеңіне жататын құнды жәдігерлерді табуға болады.

 

Археологиялық паркпен бір кешенде орналасқан «Ежелгi Тараз» музейі халықаралық тас жолы бойындағы Тараз қаласының экономикалық және мәдени орталық ретінде дамуына негіз болады. Бұл өз кезегінде қалада туристік саланың дамуына, ежелгі Тараз қаласының мәдени мұра нысандарын маңызды туристік бағыттарға қосуға септігін тигізеді.

 

www.mks.gov.kz

Ә. Әлпейісов: «Мектептерге «Ұлы дала елі» пәнін енгізу керек»

Ә. Әлпейісов: «Мектептерге «Ұлы дала елі» пәнін енгізу керек»

Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарихшы, жазушы Әміржан Әлпейісов Тараз қаласында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» халықаралық форумында осындай ұсыныс жасады. 

 

– Мектептерге «Ұлы дала елі» пәнін енгізу қажет деп ойлаймын. Бұған біздің шамамыз жетеді. Болашақ ұрпақ үшін мұндай маңызды қадамдар жасағанымыз дұрыс деп білемін. Мұндай ұсынысты бізге экспедисия барысында жергілікті ақсақалдарда жасады, – Ә. Әлпейісов.

 

Тарихшы Әміржан Әлпейісов бір ай бойы Астана экспедиясының Орталық және Солтүстік бағыттары бойынша жүрген көштің құрамында болыпты. Оның айтуынша мұндай экспедиясияларға алдағы уақытта мектеп оқушыларында тарту керек.

 

– Ассамблеяның «Мың бала» мәдени бағдарламасының ауқымын кеңейтіп, тарихи жерлерге жоспарлы түрде экспедиясиялар ұйымдастыру қажет. Бұл енді Білім және ғылым министрлігімен бірлесе атқаратын жұмыс. Шынында, Алашахан, Жошыхан секілді тарихи жерлерімізді жастарымыз көретін болса, міндетті түрде олардың азаматтығына, парасаттылығына негіз болатыны сөзсіз. Мектеп оқушыларының архелогиялық жұмыстарына қызығушылығын күшейту. Осындай экспедисияларға мектеп оқушыларын да ала жүру керек деп ойлаймын, – дейді ЕҰУ профессоры. 

 

www.baq.kz

Ақтөбе облысында Әбілқайыр ханның мемориалдық кешені ашылды

Ақтөбе облысында Әбілқайыр ханның мемориалдық кешені ашылды

Аймақта Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Әйтеке би ауданында Кіші жүздің ұлы ханы, жоңғарлардан азат ету күресінде біріктірілген қазақ халқы жасақтарына қолбасшы болған Әбілқайыр хан жерленген «Хан моласы» ортағасырлық қорымында қазақтың ең атақты хандарының біріне арналған мемориалдық кешен ашылды.

 

Әбілқайыр хан бабаларының бастауымен қазақ жауынгерлері Сайрам, Түркістан жәнеТашкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.

 

1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды.

Ақтөбеде мерейтойды атап өту барысында Әбілқайыр ханның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі, қолданбалы өнер шеберлерінің халықаралық жәрмеңкесі, фотокөрме, аймақтық ақындар айтысы, ғылыми конференция, Сайрам шайқасының қатысушысы, батыр Тілеу Айтұлына арналған ескерткіштің ашылу салтанаты болып өтті.

 

Әйтеке би ауданындағы Толыбай ауылында елдің бірнеше аймағынан жиналған фольклорлық ансамбльдер фестивалі өтті, этноауыл ашылды, концерттер, ат спорты жарысы және халық жарыстарының басқа түрлері өтіп, Әбілқайыр ханның мұражайы ашылды.

 

www.inform.kz