Ербол Садырбаев: Мен сомдаған роль ағамның тағдырына қатты ұқсайды

Ербол Садырбаев: Мен сомдаған роль ағамның тағдырына қатты ұқсайды

Ертең, яғни 21 қазанда «Хабар» арнасында жаңа телехикаяның тұсауы кесілмек. «Қыз жолы» деп аталатын туындыда бас рольдердің бірін сомдайтын актер Ербол Садырбаев «Қайырлы таң» бағдарламасында қонақта болды.

Джонни Депп «Оскар» алғысы келмейді

Джонни Депп «Оскар» алғысы келмейді

Атақты актер Джонни Депп журналистер алдында күтпеген мәлімдеме жасады.

 

Ол өзінің қатысуымен түсірілген «Черная месса» фильмін жарнамалау науқанына қатыса отырып, осы туындыдағы ролі үшін «Оскар» алғысы келмейтінін айтты.

 

«Черная месса» картинасы Лондондағы кинофестивальда жұртшылық назарына ұсынылды. Артынша сарапшылар Депп осы фильмдегі ролі үшін «Америкалық Кино академиясының жүлдесіне ұсынылуы мүмкін» деген болжам жасап үлгірді.

 

Бұл жаңалыққа қатысты актер былай деді: «Жалпы «Оскар» деген кезде, бақталастық ойға түседі. Ал мен ешкіммен бәсекелес емеспін. Мен бар болғаны тек өз жұмысымды жасаймын. Кейде еңбектерім жұрттың көңілінен шықпауы да мүмкін, бірақ бұл – қалыпты нәрсе».

 

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Джонни Депп «Оскарға» 3 рет ұсынылды.

 

«Черная месса» фильмінде ол Федералды тергеу бюросының құпия тыңшысы бола жүріп, 19 рет адам өлтіруге қатысқан Уайти Балджердің ролін сомдайды.

 

24.kz

«Құмырсқа-адамның» жалғасы 2018 жылы шығады

«Құмырсқа-адамның» жалғасы 2018 жылы шығады

«Құмырсқа-адам» блокбастерінің екінші фильмі туралы белгілі болды. Marvel студиясы таратқан ақпаратқа сәйкес, сиквел 2018 жылы 6 шілде күні жарық көруі тиіс.

 

Екінші бөлім «Құмырсқа-адам мен Сона» («Ant-Man and the Wasp») деген атауға ие болады. Фильмде Сона есімді қаһарманды бірінші бөлімге түскен Эванджелин Лилли сомдайды. Құмырсқа адамды, сондай-ақ, 2016 жылы көктемде жарық көретін «Капитан Америка: Азаматтық соғыс» («Captain America: Civil War») блокбастерінен көре аламыз.

 

«Құмырсқа-адам» биыл жазда прокатқа шыққан болатын. Фильм 150 млн долларлық бюджетпен әлемдік нарықтан 400 миллионнан астам табыс тапты. Ал Қазақстандағы кассалық түсімі 130 млн теңгені құрады.

 

kinostan.kz

«Шерлок» хикаясының ХІХ ғасырда өрбитін арнайы эпизоды шығады (ВИДЕО)

«Шерлок» хикаясының ХІХ ғасырда өрбитін арнайы эпизоды шығады (ВИДЕО)

BBC One телеарнасында көрсетілетін «Шерлок» сериалының арнайы эпизоды («Sherlock Special») жарық көреді. Ондағы оқиға біздің заманымызда емес, ХІХ ғасырдың соңында, яғни автор Артур Конан Дойлдың шығармаларында суреттелетін заманға сай өрбиді.

 

Арнайы эпизодтың шығатын күні жарияланған жоқ, алайда биылғы жылдың соңында Рождество мейрамы қарсыңында көрсетіледі деп айтылуда. Сериалда ойнап жүрген Бенедикт Камбербэтч (Шерлок Холмс) пен Мартин Фриман (Джон Ватсон) өз рөлдеріне қайта оралады.

 

BBC One арнасы ұсынатын «Шерлок» телехикаясысы алғаш рет 2010 жылы жарыққа шықты. Осы күнге дейін әрбірі үш сериядан тұратын үш маусымы көрсетілді. 2016 жылы төртінші маусымның түсірілімі басталады.

 

kinostan.kz

Стив Джобстың әйелі жұбайы туралы жаңа фильмге қарсылық танытты

Стив Джобстың әйелі жұбайы туралы жаңа фильмге қарсылық танытты

Жуырда Apple корпорациясының аты аңызға айналған басшысы Стив Джобс туралы биографиялық фильмнің тұсауы кесіледі.

 

Дэнни Бойлдың «Стив Джобс» атты туындысында Майкл Фассебендер басты рөлді сомдап, марқұмның өмір жолын шынайы беруге тырысыпты. Алайда аталған фильмнің тұсаукесерін көргісі жоқтардың қатарында Стив Джобстың әйелі Лорен Пауэлл де бар көрінеді. Ол фильмнің түсірілімін тоқтату мақсатында актер Леонардо Ди Каприо мен Кристиан Бэйлға бірнеше рет қоңырау шалып, киноны түсірмеуді өтініпті.

 

Туынды сценарисі Лорен Пауэллдың неліктен мұндай қылық танытқаны туралы тіс жармай отыр. 

 

24.kz

Флэш туралы толықметражды фильм түсіріледі

Флэш туралы толықметражды фильм түсіріледі

Warner Bros. киностудиясы DC Comics әлемінің танымал кейіпкерлерінің бірі – Флэш туралы толықметражды жоба дайындап жатыр. Фильмді Сет Грэм-Смит түсіреді.

 

Флешті Эзра Миллер сомдайды деп айтылуда. Фильм премьерасы 2018 жылдың наурыз айына жоспарланған. Аталған актердің орындауындағы қаһарманды, сондай-ақ, 2016 жылы 25 наурызда шығатын «Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы» фильмінен және 2017 жылға жоспарланған «Әділет лигасы: Бірінші бөлім» («The Justice League Part One») фильмінен көруге болады.

 

CW арнасында 2014 жылғы қазан айынан бері «Флэш» («The Flash») сериалы көрсетіліп келеді. Онда басты рөлде Грант Гастин сомдаған. Алайда болашақ фильм мен қазіргі сериалдың арасында ешқандай байланыс болмайды делініп отыр.

 

www.kinostan.kz

Алматыда «Шлагбаум» фильмінің премьерасы өтті (ВИДЕО)

Алматыда «Шлагбаум» фильмінің премьерасы өтті (ВИДЕО)

Алматыда Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум» фильмінің премьерасы өтті. Қазіргі жастардың қарама-қайшылыққа толы өмірінен сыр шертетін кинокартина «Партизан киносы» қозғалысы аясында түсірілген.

 

Фильмдегі оқиға желісіне ауылдан Алматыға күнкөріс үшін келген Рауан есімді жігіттің (Еркебұлан Дайыров сомдайды) өмірі арқау болған. Жас жігіт өңкей байлар тұратын зәулім тұрғын үйде күзетші болып жұмыс істейді, шлагбаум көтереді. Ал тамағы тоқ, киімі көк Айдар есімді екінші кейіпкер (Дидар Кеден сомдайды) мұнай магнатының ұлы, Рауан істейтін үйде тұрады. Қос жігіт бір-бірімен күн сайын жолығысып қалады. Екеуі де табанды, алға қойған мақсаттарына өз еңбегімен жетуге талпынады.



«Партизан киносы» қозғалысының идеясы бір жыл бұрын туындаған еді. Негізі мақсат – жас кинематографистердің басын қосып, қазіргі буынды толғандырып жүрген дүниелер, яғни әлеуметтік мәселелер жайында кино түсіру», - деп пікірімен бөлісті «Шлагбаум» фильмінің продюсері Асқар Ұзабаев.



Бар болғаны 18 күн ішінде 15 мың долларға түсірілген кинотуынды бірнеше халықаралық жүлдеге ие болды.

 

www.bnews.kz

Н. Тілендиев туралы «Құстар әні» атты фильм түсірілуде

Н. Тілендиев туралы «Құстар әні» атты фильм түсірілуде

«Хабар» агенттігінің тапсырысымен қазақтың дарынды тұлғасы, ұлы сазгер Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы туралы фильм түсірілуде.

 

Фильм атақты «Отырар сазы» оркестрінің құрылған сәтінен басталады. Дарынды сазгердің қазақ музыкасын шыңға көтеруді мұрат еткен бастамасы фильмде өзінің шығармашылығымен қатар өрбиді. Көркем фильм сазгердің бірегей музыкалық туындысымен аталады. «Құстар әні» ұлы музыканттың тағы бір қанат қаққан құс қанат ғұмырын суреттейді.

 

Рашид Сүлейменов, фильмнің режиссері:

- Қазақтың біртуар, дара ұлы туралы фильм түсіруге үлкен дайындықпен келдік. Сазгермен араласқан, қатар жүрген көптеген жандармен әңгімелестік.

 

Қайталанбайтын тұлғаны көрерменнің көз алдына қайта әкелу үлкен шеберлікті қажет ететіні сөзсіз. Режиссер бас кейіпкердің образын сомдау үшін актер Ергенбай Абуевті таңдапты.

 

Ергенбай Абуев, бас кейіпкердің рөлін сомдаушы:

- Ол кісіні мен жас кезімнен көп рет көрдім. Концерттеріне бардым. Ұстазым Қазақстанның халық әртісі, профессор Асқар Тоқпанов мені бір ертіп барып, «мынау менің жақсы шәкіртім, әдейі саған көрсетуге алып келдім» деп таныстырып, содан кейін мен ол кісіні жиі көргім келіп тұрды. Ол кісі музыканы басқаша тыңдайды, басқаша сезінеді, мүлдем басқаша көреді.

 

Фильмде Шевченко, қазіргі Ақтау қаласынан келген домбырашы қыз Жібек сазгерді өзінің шебер орындаушылығымен таңғалдырады. Бір қызығы, Жібектің рөлінде ойнайтын актриса Гүлназ Жоланова ешқашан қолына домбыра ұстамаған. Кастингтен өткен соң, Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін үйреніпті.

 

Гүлназ Жоланова, актриса:

- Бұл менің алғашқы тарихи жобам. Мұның қаншалықты жауапкершілігі жоғары, қаншалықты маңызды екенін сезінемін. Бар күшімізді салып жатырмыз, көрерменнің көңілінен шығады деген үміттемін.

 

«Құстар әні» 5 сериялы көркем фильмін көрермен жақын уақытта «Хабар» телеарнасынан тамашалай алады.

 

www.24.kz

«Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары 1 млн. теңгеден иеленеді

«Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары 1 млн. теңгеден иеленеді

«Бастау» студенттік және дебюттік фильмдердің V халықаралық кинофестивалі 21 қазанда Алматыда өз жұмысын бастайды. Фестивальдің бес күні фильмдерді көрсетуге, киномектептердің таныстырылымына, дөңгелек үстелдер мен белгілі кинематографистердің шеберлік сағаттарына арналады.

 

Биыл кинофестивальге дайындық кезінде сценарийшілер байқауы өтеді, оның жеңімпаздары ақшалай грантқа ие болады, деп хабарлады «Бастау» кино мектебі мен студенттік фильмдерінің V халықаралық кинофестивалінің баспасөз хатшысы Александра Куликова. 

 

«Жеңімпаздарға миллион теңгеден екі грант бөлінеді. Бұл жеңімпаздарға 2016 жылы болатын келесі фестивальге кино түсіріп, көрсетуге мүмкіндік береді. Байқауға кино ЖОО студенттерімен бірге өз киносын түсіруді армандайтын азаматтар да қатыса алады», - деді кинофестивальдің бас директоры Сергей Азимов.


Байқауға 18-35 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады.
Жобалар үш көрсеткіш бойынша бағаланады: драматургия, визуалды шеберлік пен сценарийде қозғалған тақырыптың өзектілігі.

 

Байқауға қатысу үшін 2015 жылғы 20 қазанға дейін өтініш жіберу керек. Байқау талаптары бойынша сұрақтарды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына жолдауға болады.

 

www.inform.kz

Райан Гослинг «Жүзбен жүгіруші» фильмінің жалғасына түседі

Райан Гослинг «Жүзбен жүгіруші» фильмінің жалғасына түседі

Культқа айналған Ридли Скоттың «Жүзбен жүгіруші» («Blade Runner») фантастикалық боевигінің жалғасына Райан Гослинг түседі.

 

Сиквелге Дени Вильнев режиссер болып тағайындалды. Түпнұсқада ойнаған Харрисон Форд та жобаға оралады. 

 

Фильм оқиғасы бірінші картинадағы оқиғалардан кейін бірнеше онжылдық өткен соң өрбиді.

 

Филип К. Диктің шығармасына негізделген «Жүзбен жүгіруші» фильмі 1982 жылы жарық көрген еді. Сюжетте колониядан қашқан киборгтарды іздеумен айналысатын полицей туралы баяндалады. Картинаның прокаттағы табысы мардымсыз болса да, ғылыми фантастиканың классикасы саналады.

 

www.kinostan.kz