Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды

Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік және Қазақстандағы British Council-дің ұйымдастыруымен Ұлттық инновациялар байқауы басталды.

 

Байқауға мектеп оқушыларынан бастап, ірі кәсіпорындарға дейін түрлі категориядағы өнертапқыштар мен рационализаторлар қатыса алады.

 

Байқау 5 номинация бойынша өткізіледі: «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі», «Инновация тақырыбындағы үздік журналистік материал».

 

Байқаудың жалпы жүлде қоры 18 600 000 теңгені құрайды.

 

Сондай-ақ, байқауда жеңіске жеткен оқушылар, журналистер, жас ғалымдар Ұлыбританияға білім беру бағытындағы сапарға бару мүмкіндігіне ие болады.

 

«Үздік жас ғалым» номинациясындағы жеңімпаз Лондонда өтетін FameLab халықаралық ғалымдар байқауында  ел атынан сынға түседі.

 

Қатысуға өтінімдер 2015 жылдың 25 қазанына дейін «ТДҰА» АҚ-ның ресми сайтында www.natd.gov.kz онлайн қабылданады, оқушылар өз өтінімдерін 2015 жылдың 22 қарашасына дейін жолдай алады.

 

strategy2050.kz

Отандық студенттер Enactus бизнес-жобалардың әлемдік кубогына қатысады

Отандық студенттер Enactus бизнес-жобалардың әлемдік кубогына қатысады

Enactus Kazakhstan Expo 2015 бизнес жобалар ұлттық кубогының жеңімпаздары – Қазақ гуманитарлық заң университетінің командасы ОАР, Йоханнесбург қаласында қазанның 14-16 аралығында өтетін халықаралық байқауда бақтарын сынайды. Олар әлемнің 36 мемлекетінің студенттерімен жарысқа түсіп, EXPO-2017 жобасын таныстырады.

 

Enactus халықаралық бағдарламасы жастар кәсіпкерлігі мен әлеуметтік жобалар саласында өзара әрекеттестік үшін жастардың көшбасшыларын, жетекші бизнесмендер мен белсенді оқытушыларды біріктіреді.

 

ЖОО-да алған теориялық білімдерін іс жүзінде пайдаланған студенттер кәсіпкерлікке машықтанады, лидерлік қасиеттерін дамытады, бизнес этикасын меңгереді, қоғамның жауапты азаматы болуды үйренеді.

 

Жетекші отандық кәсіпкерлер мен шетелдік компаниялар жыл сайын студенттердің жобалық жұмыс нәтижесін бағалап, кадрлық резерв ретінде ҚР-дың 49 университетінің Enactus белсенділерін қарастырады. Жоба Мемлекет басшысының қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін және отандық бизнесті дамытуға қатысу белсенділігін арттыру бойынша тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған.

 

Жобаларды бағалаудағы басты талап – кәсіпкерлік арқылы тұрғындар өмірінің сапасы мен деңгейін көтеру. Байқаудың әлемдік кубогының қазылар алқасының мүшесі ретінде ірі халықаралық компаниялардың басшылары тағайындалған.

 

strategy2050.kz

«Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары 1 млн. теңгеден иеленеді

«Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары 1 млн. теңгеден иеленеді

«Бастау» студенттік және дебюттік фильмдердің V халықаралық кинофестивалі 21 қазанда Алматыда өз жұмысын бастайды. Фестивальдің бес күні фильмдерді көрсетуге, киномектептердің таныстырылымына, дөңгелек үстелдер мен белгілі кинематографистердің шеберлік сағаттарына арналады.

 

Биыл кинофестивальге дайындық кезінде сценарийшілер байқауы өтеді, оның жеңімпаздары ақшалай грантқа ие болады, деп хабарлады «Бастау» кино мектебі мен студенттік фильмдерінің V халықаралық кинофестивалінің баспасөз хатшысы Александра Куликова. 

 

«Жеңімпаздарға миллион теңгеден екі грант бөлінеді. Бұл жеңімпаздарға 2016 жылы болатын келесі фестивальге кино түсіріп, көрсетуге мүмкіндік береді. Байқауға кино ЖОО студенттерімен бірге өз киносын түсіруді армандайтын азаматтар да қатыса алады», - деді кинофестивальдің бас директоры Сергей Азимов.


Байқауға 18-35 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады.
Жобалар үш көрсеткіш бойынша бағаланады: драматургия, визуалды шеберлік пен сценарийде қозғалған тақырыптың өзектілігі.

 

Байқауға қатысу үшін 2015 жылғы 20 қазанға дейін өтініш жіберу керек. Байқау талаптары бойынша сұрақтарды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына жолдауға болады.

 

www.inform.kz

ҚазҰУ әлемдегі ең озық 300 университеттің қатарына енді

ҚазҰУ әлемдегі ең озық 300 университеттің қатарына енді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдегі ең озық 300 университеттің қатарына қосылды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті Қайрат Мәми ұлттық университеттің басшылығын, барлық профессорлар мен оқытушылар құрамын әлемдегі ең озық 300 университеттің қатарына қосылуымен құттықтады.

 

«Университет рейтингісінің тек соңғы жылы 30 позицияға жақсаруы үйлесімді, мақсатқа бағытталған және кәсіби жұмыстың тікелей нәтижесі болып табылады. Бұл - универститет ұжымының мүмкіндіктері мен орасан әлеуетінің айқын айғағы.

 

Қазақ ұлттық университетінің алда да үлкен жетістікке жетуі өте маңызды. Бүгінде ол инновациялық білім мен оларды қоғамдық өмірде іс жүзінде қолданудың нағыз кластеріне айналды. Университеттің көптеген ғылыми-зерттеу жобалары мен тәжірибелік-конструкторлық зерттеулері әлемнің 30 озық елінің қатарына кіруді мақсат тұтқан республикамыздың одан әрі дамуы үшін берік іргетас болып табылады.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары мен оқытушылар құрамына тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін алдағы уақытта да жемісті еңбек, толайым табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!», - делінген хатта.

 

www.inform.kz

Мәскеуде «Алтын күз» атты қазақ әндерінің фестивалі өтеді

Мәскеуде «Алтын күз» атты қазақ әндерінің фестивалі өтеді

Мәскеудегі «Мұрагер» қазақ мәдени қоғамы, «Қазақ диаспорасы» Мәскеулік қоры, Ресей жоғары оқу орындарындағы қазақстандық студенттер қауымдастығының ұйымдастыруымен қараша айында жастар арасындағы «Алтын күз» атты қазақ әндерінің фестивалі өтеді.  

 

Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді Мәскеудегі қазақ жастарына тереңірек таныту мақсатында өтетін шара биыл 3-ші рет ұйымдастырылып отыр.

 

Байқау 3 кезең бойынша өтеді. 20 қыркүйек пен 11 қазан аралығында болатын 1 кезеңде сырттай іріктеу болады. Ол үшін қатысушы белгілі форма бойынша толтырылған өтінімді және қалаған әнін бейнебаянымен This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.электрондық поштасына жіберуі қажет. Екінші кезең қазан айының үшінші онкүндігіне жоспарланып отыр. Онда сырттай іріктеуден өткен қатысушылар бетпе-бет сынақтан өткізіледі. Қатысушы бірінші әнді міндетті түрде қазақ тілінде, ал екінші әнді өз таңдауы бойынша басқа тілде орындауы қажет. Ұлы Отан соғысы жайлы және қазақ халық әндерін орындау шарт етіледі. Соның нәтижесінде, үшінші кезеңде финалға шығатын қатысушылар іріктелетін болады. Қараша айының ортасында Гала-концерт өтіп, байқау жеңімпаздары анықталады.

 

www.baq.kz

 

Алматыда алғашқы инновация академиясы ашылды

Алматыда алғашқы инновация академиясы ашылды

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де алғашқы инновция академиясының ашылу салтанаты өтті. Білім орталығы бір уақытта 120 студентті қабылдауға қауқарлы.

 

Академия жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін заманауи жабдықпен жарақтандырылған және практикалық және теориялық аймақтарға бөлінген. Қолданбалы жұмыстар үшін ұялы телефондар, сандық теледидарлар мен принтерлерді, кондициялау жүйелерін жөндеу бойынша жұмыс орындары толығымен жарақтандырылды.

 

Студенттерге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен сандық шешімдер саласында бірлескен қолданбалы зерттеу жүргізу мүмкіндігі ұсынылмақ. Мұның барлығы Қазақстанның үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының мақсаттарына сай келеді.

 

www.bnews.kz

А. Сәрінжіпов: Келесі жылы студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі

А. Сәрінжіпов: Келесі жылы студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі

Өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие беру үшін бірінші кезекте білгір маман, білікті педагог дайындауымыз керек.

 

Жұмыс бабымен Шымкентке барған ҚР Білім және ғылым министрі өңір басшыларымен басқосу барысында осы ортақ міндетті мінсіз атқаруға шақырды. Сапар барысында Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық институтының су жаңа жатақханасын аралап шыққан министр заманауи үлгіде салынған «Студенттер үйімен» танысты. Ғимарат ішінде кітапхана, асхана, арнайы медициналық кабинеттер, химиялық тазарту бөлімшесі де бар. Тіпті, тәлімгерлер үшін шаштараз да ашылған. Қонақүйден кем түспейтін жатынжайға тек үздік студенттер ғана жайғаса алады.

 

Айта кетейік, 3 мыңдай жас білім алатын іргелі оқу ордасы биыл 900-ден астам шәкірт қабылдады. Оның 63 пайызы мемлекеттік білім грантына ие болды. Салтанатты рәсімнен соң, облыс әкімі Бейбіт Атамқұловпен кездескен Аслан Сәрінжіпов мамандар даярлау мәселесіне айрықша көңіл бөлді. Бейбіт Бәкірұлы ұсынған идея министр тарапынан қолдау тапты. Облыс басшысының айтуынша, жоғары оқу орнын бітірген педагогтарды ауыл-аймақтарға тарту үшін ұстаздарға арнайы әлеуметтік көмек тағайындау қажет.

 

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

 

- Экономикалық қиындықтарға қарамастан, мемлекет тарапынан қаражат бөлінген. Студенттердің әлеуметтік жағдайын көтеру үшін осы жатақхана салынды. Биыл мемлекетімізде бірнеше жатақхана ашылады. Мемлекет тарапынан студенттерге өте үлкен көмек беріледі. Жыл сайын 150 грант бөлеміз. Келесі жылы студенттердің стипендиясы 25 пайызға өседі.

 

www.24.kz

ХҚТУ Түркия мен Еуропаның үздік 25 оқу орнына жолдама үлестірді

ХҚТУ Түркия мен Еуропаның үздік 25 оқу орнына жолдама үлестірді

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Мәулана», «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша 400 студентті шығарып салу салтанатты рәсімі өтті.

 

Елбасы Н. Назарбаев Түркі Кеңесінің V саммитінде сөйлеген сөзінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін Түркі әлемінің ортақ оқу орнына айналдыруды ұсынған болатын.

 

Қазіргі таңда Ахмет Ясауи университеті қабырғасында 1200-ден астам Түркі дүниесінен келген жастар білім алып жатыр. Оқу орны өз миссиясына тән жыл сайын түркі әлемінің 15 елінен 28 ұлт пен ұлыстың білімді жастарын оқуға қабылдап келеді. Бүгінде университетте 8000-ға жуық студент білім алады.

 

Болон үдерісіне енген әлем университеттері арасында академиялық ұтқырлық бойынша студенттер алмастыру бүгінде үлкен маңызға ие болып отыр. Осы ретте Болон үдерісіне енген Ахмет Ясауи университеті де жыл сайын шетелдік үздік оқу орындарына білімді студенттерді жіберуде.

 

Олар Түркия Республикасының үздік 25 ЖОО-да ағылшын және түрік тілдерінде дәріс тыңдайды.

 

www.iktu.kz

Оңтүстіктен солтүстікке үш мың студент аттанды

Оңтүстіктен солтүстікке үш мың студент аттанды

Жақында тау бөктеріндегі «Бәй­­шешек» спорт-сауықтыру ор­та­­лығында облыс әкімінің орын­баса­ры Ерлан Айтахановтың облыс жастарымен кездесуі өткен.

 

Алқақотан кеңесте жастар өз­де­рін мазалаған сауалдарға би­лік өкілінен тұшымды жауап күтті. Соның бірі – Созақ аудандық мәдениет үйінде қызмет жасай­тын қарындасымыз баспана, жала­қы мәселесінің өзін қанағат­тандыр­майтынын айтқан.

 

Әкімдік жастарға арнап баспана салмайды, адам көп болған­дық­тан жалақы мардымсыз. Қалай көсегеміз көгереді?

 

Ерлан Қуанышұлы мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы жайында жан-жақты талдау жасады. Расы керек, алтын құрсақ Оңтүстік мұ­найға болмаса да адамға бай. Мақ­таарал, Сарыағаш аудандары, Түр­кістан қаласында 250-300 мың аралығында тұрғын тұрады.

 

Былай айтқанда шағын облыс­тың халқымен тең. Алайда, хал­қы көп екен деп артық штат бө­­лін­бейді. Сондықтан, маман­дығы бар жастардың жұмыс табу мүм­кін­дігінің шектеулі екендігі белгілі.

 

Жақында оңтүстіктің үш мың студенті «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» бағдарламасы аясында солтүстікке сапар шекті. «Серпін» бағдарламасы бойынша 19 оқу орнына техникалық және педагогикалық мамандықтарға 5 мың грант, 34 колледжге 1200 грант бөлінген.

 

Павлодардағы Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжіне қа­был­данған Айтілеудің анасы Сұлу Махан баласының болашағы үшін енді алаңдамайтындығын айтады.

 

Кәсібін меңгеріп шығады. Студенттерге шәкіртақы, жатақ­хана және қыстық киімдер бері­леді. Бәрі тегін. Оның сыртында екі рет еліне барып келуге жолақы қарастырылған.

 

Бағдарлама бойынша 6495 жас өтініш жазса, оның 3 мыңнан астамы грант иесі атанды. Екі жаққа да тиімді бағдарлама мезгілі жеткен түйінді осылайша тарқатады.

 

www.egemen.kz

Жатақхананың жылдық бағасы қанша?

Жатақхананың жылдық бағасы қанша?

Қашан да болсын жатақхана мәселесі үнемі қиындық тудыратыны баршаға мәлім. Өйткені жатақхана жалпыға бірдей жеткіліксіз. Жатақхана таба алмай сандалған студент ақырында пәтер жалдауға мәжбүр. Бұдан бөлек, әр университеттің жатақханаға белгілеген өз құны бар. Бұл баға студенттің қалтасын көтере ала ма? Ендеше, республикадағы ірі ЖОО-ның жатақханаларының құнын біліп көрелік...


Кейбір жатақхананың жылдық бағасы 20-30 мың теңге аралығында. Жылына 4 мың теңге ғана алатын университет те бар екен. Ол – Тараз қаласындағы М.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

 

Мәліметтерге сүйенсек, ең қымбат жатақ­хана Сүлеймен Демирел атындағы уни­вер­ситетте. Ондағы жатақхананың жыл­дық ақысы – 175 мың теңге.

 

Бағасы жоға­ры университеттердің қатарында КИМЭП те бар. Онда 1 семестр (4 ай) тұрған уақыт үшін 135 мың теңге төлеуің керек.

 

Т. Рыс­құлов атындағы ҚЭУ жатақ­ханасының жылдық бағасы – 120 мың теңге. Қараған­ды мемлекеттік техникалық универси­тетін­де де шамамен солай, мұн­да айына 12 500 теңгеден келеді. Сонда 9 айға 112 500 теңге. Ал аймақтардан кел­ген сту­денттер үшін мұндағы жатақхана айына – 6 500 теңге. «Серпін – 2050» бағдар­ламасы бойынша оқуға түскендерге жатақ­хана ақысы айына 2 514 теңге.

 

Қара­ғанды мем­лекеттік медицина уни­вер­ситетінің жатақ­ханасына тұрғың кел­се, 10 айға 105 мың теңге төлейсің.

 

Алма­тыдағы ҚБТУ  жатақханасының құны айына 15 мың теңге, яғни оқу жы­лы­ның 9-10 айында 135-150 мың тең­геге барады.

 

Букетов атын­дағы Қарағанды Мемлекеттік уни­верситетіне қарасты жатақхананың баға­сы – жылына 60 мың теңге. Ал Қарағанды мемлекеттік индус­трия­лық универси­те­тінің 1-курс студент­тері мен «Серпін – 2050» бағдарламасымен оқитындар үшін жатақхана тегін беріледі екен. 

 

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-інің жатақханасында тұрудың бір жылдық ақысы – 28 910 теңге.

 

Жалпы, ЖОО-ға қарайтын жатақ­ханаларда тұру құны қанша болуы керек? Білім және ғылым министрлігіндегілердің айтуынша, бекітілген бұйрық бойынша жатақхана ақысы студенттің шәкірта­қысынан 15 пайыздан аспауы қажет. Ал биылғы шәкіртақы көлемі 16 759 теңге екен. Демек, ай сайын берілетін шәкірт­ақының 15 пайызы 2513 теңге болса, жа­тақ­хананың жылдық ақысы оқу жылының 9-10 айында 25 139 теңге болуы шарт. Ақысы жылына 30-40 мың теңгеге бара­тын жатақханалар да бар.

 

Жатақханаға қабылдау жүргізудің де өз тәртібі бар. Алдымен грантта оқитын 1-курс студенттерінің өтінімдері, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған немесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары, «Алтын белгі» иегерлері, ха­лық­аралық олимпиада жеңімпаздары мен қоғамдық жұмысқа белсене араласқандар қабылданады. Қажет болған жағдайда ақылы бөлімнің студенттеріне белгілі мөлшерде орын бөлінеді.

 

www.aikyn.kz