Қазақ ханы Абылай

Қазақ ханы Абылай

Қарымды да қарулы қолбасшы, білікті дипломат. Сыртқы саясаттағы деректері, елшілер құжаты, хаттары – бір төбе. Ақылды билеуші, аңыз ғұмыр иесі хан Абылайдың тұлғасы «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» жобасында.

«Орта Азияның Шыңғысханы» атанған қызу қанды қазақ

«Орта Азияның Шыңғысханы» атанған қызу қанды қазақ

Ленин оны «қызу қанды қазақ» десе, Сталин «Орта Азияның Шыңғысханы» деп атаған. Оқу, білім, баспасөз, ұлттық кадрлар дайындау, жер-су, шекара мәселесінде өлшеусіз үлес қосқан ұлт азаматы, халыққа қазақ атын қайтарып, ұлт көшін Ақмешітке бастап барған, елімізді «Киргизия» емес, «Қазақ Республикасы» деп атау мәселесінде жанын салған ұлы қайраткер, қарымды қаламгер СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ шырғалаңға толы өмір жолы.

Олжабай батыр

Олжабай батыр

Ел тарихында елеулi iз қалдырған, ержүрек батыр, қазақ халқының азаттық жолындағы күрескер тұлғаларының бiрi – Олжабай батыр. Ол Жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене қатысқан, есімі Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, Жантай, Жасыбай т.б. қазақ батырларымен қатар аталған. Олжабай Абылай ханның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттеріне елеулі үлес қосқан. Түркістан медресесінде оқып, араб, қалмақ тілдерін жетік меңгерген.

 

Батырдың есімі он сан еліне ұран болған. Халық жырларында олжабайлап жауға шапқанның жеңбейтіні болмаған. Үрей туғызатын ұранды пайдаланып, өзгелердің де жауға олжабайлап шабатын кездері де аз болмаған көрінеді. Түркістанды азат еткені үшін ел аузында «Ер Олжабай» атанған.

Тайлақ батыр Бекежанұлы

Тайлақ батыр Бекежанұлы

Халқымыздың ең елеулі тұлғаларының бірі, аты кең даламызға аңыз болып тараған, жан қысылып, халқымыз қызыл қанға боялған кезде білікті қолбасшы болған Тайлақ батыр тарихымыздың төрінен ерекше орын алады.

 

Батырдың жас кезінен Әбілқайыр сұлтанмен бірге өсіп, бірге шыңдалғаны, дос болғаны, тіпті, той-думандар мен жоңғарларға қарсы жорықтарда да қатар жүргені, сондай-ақ, ерлігі мен адамгершілгі туралы Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романында кеңінен жазылған.

 

Батырдың ерлігі мен сіңген еңбегі, өмір жолы туралы бағдарлама барысынды көре аласыздар.

МАЛАЙСАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖАУЫ ЖОҢҒАРЛАРДАН «ТАРХАН» ДӘРЕЖЕСІН АЛУЫ

МАЛАЙСАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖАУЫ ЖОҢҒАРЛАРДАН «ТАРХАН» ДӘРЕЖЕСІН АЛУЫ

Қазақ жыраулараның Малайсары батырды: «Абылай ханды сан қалмақ қамап жатыр, туындалып шаба гөр, Малайсары!» – деп дәріптеуінде терең сыр жатыр. Иісі қазақтың 90 жақсысын бастап барып, Қазбек би мен Малайсары-Тарханның Абылай ханды Қалдан-Церен қолынан аман-есен босатып алып келгенін бүгінгі күні бірі білсе, бірі білмейді. Бұл жөнінде бірсыпыра дерек Мәшһүр Жүсіп жазбаларында кездеседі.

 

Жоңғарлар да қазақ батырларына ерекше құрмет көрсеткен. Мәселен, Абылай хан мен бірнеше қолбасшыларын тұтқынға алған Қалдан-Церен, елшілікке келген Малайсары батырдың ержүректігі, ерлігі, батылдығына тәнті болып, жау болғанына қарамастан, оған сый-құрмет көрсеткен екен. Батырға, тіпті, Жоңғария мемлекетінде көнеден келе жатқан «ТАРХАН» атағын береді. Бұл – дәрежесі жағынан ханға жақын тұрған ел билеуші шонжарға берілетін даңқ саналады.

 

Осылайша, XVIII ғасырдағы қазақ хандығының тағдыры Абылай ханға байланысты болса, Абылайдың Абылай болуына Малайсарының еңбегі күшті.

АЖАЛДАН БІРНЕШЕ МИНУТ АЛДЫНДА ТҮСІРІЛГЕН ҚАЗАҚ ЖІГІТІ

АЖАЛДАН БІРНЕШЕ МИНУТ АЛДЫНДА ТҮСІРІЛГЕН ҚАЗАҚ ЖІГІТІ

19 жастағы Татьяна Невадовская аштыққа ұшыраған Қазақстанға жер аударылған әкесімен бірге көшіп келеді. Күндердің бірінде серуендеп жүріп аштықтан әбден қажыған, әлсіреген жас қазақ жігітіне кезігіп қалады. Осы кездесуден кейін өзі куәгер болған оқиғаны күнделігіне түсіреді.

 

 

«1933 жылдың ерте көктемі. Менің қасымда мамандардың бірі болатын, қолыма фотоаппаратым бар еді. Жолда әбден қажыған, әлсіреген қазақ отырды. Ол егістегі жұмыстан сүйретіліп, келе жатты. Күш-қуатынан айрылған, ыңырсып, тамақ пен су сұрады. Мен фотоаппаратымды жолдасыма беріп, су әкелуге жүгіріп кеттім. Қазақ суды қомағайланып ішті. Қасымдағы жолдасымның мені суретке түсіріп алғанын байқамай қалдым. Мен үйге қайтадан нан мен қант әкелуге кеттім. Нан әкелгенімше ол көз жұмған.»

 

Суретте: Татьяна Невадовская аштықтан бірнеше минут ажал алдындағы қазаққа көмектесуге тырысуда. Қазақстан, 1933 жыл.

 

P.S. Міне, ашаршылықтың ауыр зардабын  татқан, соғыстан көз алмаған қазақ нендей қасіреттерді бастан кешірді. Осындай тарихта болған шынайы оқиғаларды ескере отырып, бүгінімізге тәубе етуіміз керек!

Мұрағат құндылығы

Мұрағат құндылығы

Архив деректері – қазақ тарихының асыл қазынасы. Осы деректер қазақ халқына қаншалықты қолжетімді? ҚР Президентінің архиві, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінің, сондай-ақ, өзге де мекемелердің арнайы бөлімдеріне қарапайым халық кіре алады ма? Осы және өзге де сұрақтар «Ғылыми кеңес» бағдарламасында талқыланатын болады.

Түрксіб темір жолы: алғашқы құрылысы мен бүгіні

Түрксіб темір жолы: алғашқы құрылысы мен бүгіні

Түрксіб қалай салынды? Ғажап оқиғалар мен жаңа деректер. Алғашқы теміржол құрылысына қатысқан кімдер? Өжеттілік пен қайсарлығын паш еткен тарихи тұлғалардың оқиғалары. Үлкен құрылыс барысында ерекше адамдарға тап болған тұңғыш жол салушылар мен олардың бастарынан өткен қызықты жайттар. Осылардың барлығы бағдарлама барысында толығымен баяндалады.

Жауғаш батыр

Жауғаш батыр

Қолына ерте қару алып, батыр атанған Жауғаш Қырбасұлы Абылай ханның сенімді серігі ретінде өзге мемлекеттермен мәмілелер жасап, елші болған. 21 жасынан қазақ жерін  жоңғарлардан  тазарту жорықтарына  қатысады және қол бастайды. Абылай хан өзін бір өлімнен құтқарған батырын «Жаралы Жолбарыс» деп атаған.  Бұхар жырау жырларында Абылай хан «Іздесем де табылмас Жауғашжан, сендей құбаша ұл» деп мадақтаған осы Жауғаш батыр болған.

 

Халқымыздың даңқты батыры, көрнекті қолбасшысы Жауғаш Қырбасұлы туралы «ҰЛЫ ДАЛА БАТЫРЛАРЫ» бағдарламасы толығырақ баяндайды.

Қазақ туралы толғау

Қазақ туралы толғау

«Тұран» ансамблінің орындауындағы «ТОЛҒАУ» туындысы – қазақ халқының ғасырларбойы басынан өткен қиыншылықтары, зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлттың бейнесі, тәуелсіздікке жетер жолда талай адамдардың құрбан болғандығы, азаттық жолында күрескен ата-бабаларымыздың, өр тұлғаларымыздың арманын елестегендей боласың. Тыңдап көріңіздер!