Джонни Депп «Оскар» алғысы келмейді

Джонни Депп «Оскар» алғысы келмейді

Атақты актер Джонни Депп журналистер алдында күтпеген мәлімдеме жасады.

 

Ол өзінің қатысуымен түсірілген «Черная месса» фильмін жарнамалау науқанына қатыса отырып, осы туындыдағы ролі үшін «Оскар» алғысы келмейтінін айтты.

 

«Черная месса» картинасы Лондондағы кинофестивальда жұртшылық назарына ұсынылды. Артынша сарапшылар Депп осы фильмдегі ролі үшін «Америкалық Кино академиясының жүлдесіне ұсынылуы мүмкін» деген болжам жасап үлгірді.

 

Бұл жаңалыққа қатысты актер былай деді: «Жалпы «Оскар» деген кезде, бақталастық ойға түседі. Ал мен ешкіммен бәсекелес емеспін. Мен бар болғаны тек өз жұмысымды жасаймын. Кейде еңбектерім жұрттың көңілінен шықпауы да мүмкін, бірақ бұл – қалыпты нәрсе».

 

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Джонни Депп «Оскарға» 3 рет ұсынылды.

 

«Черная месса» фильмінде ол Федералды тергеу бюросының құпия тыңшысы бола жүріп, 19 рет адам өлтіруге қатысқан Уайти Балджердің ролін сомдайды.

 

24.kz

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) жайлы фильм «Оскарға» ұсынылды

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) жайлы фильм «Оскарға» ұсынылды

Иран мемлекеті Маджиж Маджижидің «Мұхаммед (с.ғ.с.) – Алланың елшісі» фильмін «Оскар» сыйлығына ұсынып отыр. Кинокартина атақты жүлденің «Өзге тілдегі үздік фильм» номинациясы бойынша сынға түседі. Аталмыш номинация бойынша «Оскар» жүлдесіне 67 мемлекеттен туындылар ұсынылған.

 

Бұл фильм – «Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өмірбаяны» атты трилогияның алғашқы туындысы. Фильм сюжеті бойынша Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылғаны және 12-жасқа дейінгі балалық шағы көрсетіледі.

 

Туында Иран мемлекетінің кино тарихындағы ең қымбат кинокартинасы болып отыр. Түсірілімге 40 млн доллар жұмсалған көрінеді.

 

www.muslim.kz

«Оскар-2015»: Алехандро Гонсалес – «Үздік режиссер»

«Оскар-2015»: Алехандро Гонсалес – «Үздік режиссер»

Меншікті тілшіміздің хабарлауы бойынша, «Үздік режиссер» сыйлығын «Бердман» фильмін түсірген Алехандро Гонсалес иеленді. Сондай-ақ,  Алехандро Гонсалестің «Бердман» туындысы «Үздік сценарий» сыйлығын алды.

«Вселенная Стивена Хокинга» фильмде ойнаған Эдди Редмэйн «Үздік ер ролін» сомдаған болып танылды.

«Сельма» фильмде айтылған «Glory» әні «Үздік ән» аталымы бойынша жеңіп шықты.

«Игра в имитацию» фильмінің сценарийін жазған Грэм Мур «Бейімделген үздік сценарий» сыйлығын иеленді.

Композитор Александр Депл «Отель «Гранд Будапешт» фильміне жазған саундтрегі үшін «Фильмге жазылған үздік ән» сыйлығын жеңіп алды.

 

www.khabar.kz

«Citizenfour» үздік деректі фильм атанды

«Citizenfour» үздік деректі фильм атанды

Үздік деректі фильмі үшін «Оскар-2015» сыйлығы Лора Пойтрастың Орталық тергеу басқармасының бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден туралы «Гражданин четыре» («Citizenfour») туындысына табыс етілді.

«Толықметражды үздік деректі фильм» аталымы бойынша «Оскар-2015» сыйлығына «Гражданин четыре», «В поисках Вивиан Майер», «Последние дни во Вьетнаме», «Вирунга» және «Соль Земли» фильмдері ұсынылған болатын.

Лора Пойтрас сыйлықты табыс ету рәсімі кезінде Сноуденге шындықты жасырмай айтқаны үшін ризашылығын білдірді. Қазір Ресейде жүрген Эдвард Сноуден американдық арнайы қызметтің жұмысы туралы бірқатар құпия құжаттарды БАҚ арқылы жария етті. Ол американдық арнайы қызметтің, азаматтардың телефон арқылы сөйлесуін, электрондық хаттарын бақылап отырғанын әшкереледі.

 

www.khabar.kz

«Ең үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығының жеңімпазы анықталды

«Ең үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығының жеңімпазы анықталды

«Оскар» сыйлығының «Ең үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша жеңімпаз болып Джуллиана Мур танылды.

Актриса «Все еще Элис» туындысында Элис Хоуланд есімді әйелдің рөлін сомдағаны үшін марапатталды.

Сыйлыққа Марион Котийяр («Два дня, одна ночь», Сандра рөлі), Фелисити Джонс («Вселенная Стивена Хокинга», Джейн Хокинг рөлі), Розамунд Пайк («Исчезнувшая», Эми Эллиотт-Данн рөлі) және Риз Уизерспун («Дикая», Шерил Стрэйд рөлі) сияқты талантты актрисалар таласты.

«Екінші пландағы ең үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша сыйлық Ричард Линклейтердің «Отрочество» фильмі үшін Патриция Аркетке бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, «Оскар» сыйлығының телевизиялық нұсқасын «Хабар» арнасынан 23 ақпан күні сағат 23.00-де тамашалай аласыздар.

 

24.kz

«Үздік толықметражды мультфильм» номинациясын «Қаһармандар қаласы» жеңіп алды

«Үздік толықметражды мультфильм» номинациясын «Қаһармандар қаласы» жеңіп алды

«Үздік қысқаметражды мультфильм» номинациясы бойынша адам мен ит достығын бейнелейтін «Той» (Пир) туындысы «Оскар» сыйлығын иемденсе, АҚШ киноакадемиясының сыйлығына «үздік толықметражды мультфильм» номинациясы бойынша «Қаһармандар қаласы» лайық деп танылды.

Walt Disney Animation Studios түсірген «Қаһармандар қаласы» жеңіске үміткерлер қатарына кірмеген еді. Негізі сыншылар қоржынында «Алтын глобус» сыйлығы бар DreamWorks Animation түсірген «Айдаһарды қалай қолға үйретуге болады – 2» мультфильмі үздіктер қатарында болады деп болжаған еді.

 

ria.ru

Патриция Аркетт екінші пландағы үздік актриса ретінде «Оскар» сыйлығын алды

Патриция Аркетт екінші пландағы үздік актриса ретінде «Оскар» сыйлығын алды

Патриция Аркетт «Екінші пландағы үздік актриса» аталымында АҚШ киноакадемиясының «Оскар» сыйлығын алды. 

«Оскар» сыйлығын табыс ету рәсімі Лос-Анджелес қаласында өтті.

12 жыл бойы түсірілген «Балалық шақ» (Boyhood) фильмінде екі баласы бар жалғызбасты ана - Оливия Эванстың рөлін ол тамаша сомдап шыққан. Осы үшін актриса биылғы маусымның барлық жүлдесін, соның ішінде «Алтын глобусты» да иеленді. Бұл - оның алғашқы «Оскары».

 

www.inform.kz