Үштілділік – жаһандануға бір қадам

Үштілділік – жаһандануға бір қадам

Елбасымыз: «Қазақстан бүкіл әлемге халқы 3 тілді еркін пайдалана алатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілді – ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі», - деп атап көрсеткен еді.

 

Бүгінгі таңда мемлекетімізде үштілділік мәселесін нақты іс түрінде жүзеге асыру керек пе? Бұл сұрақтардың жауабын бағдарлама барысында біле адасыздар.

Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев қол қойған құжат Ақорданың ресми сайтына жарияланды. Қаулыда былай делінген: «Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі».

 

Сонымен қатар, Ақорданың мәліметінше, Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілді. 

 

«Космонавтиканы дамытуға сіңірген еңбегі, «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінде ұшу бағдарламасын табысты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген қаулыда.

 

akorda.kz

Тараз қаласында «Ежелгі Тараз» музейі ашылды

Тараз қаласында «Ежелгі Тараз» музейі ашылды

Тараз қаласында Елбасының қатысуымен Қазақ хандығының 550жылдық мерейтойының негізгі шараларының ашылуы өтеді. Мерекелік іс-шаралар аясында Н. Ә. Назарбаев «Ежелгі Тараз» музейінің, «Қазақ хандығына 550 жыл» ескерткіш-монументтің ресми ашылуына қатысып, «Тараз қалашығы» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне барды.

 

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында биыл Тараз қаласының орталығындағы «Тараз қалашығы» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне археологиялық зерттеулер, консервациялау жұмыстары жүргізіліп, оның аумағында «Ежелгі Тараз» жаңа музейі бой көтерді.

 

Ескерткіш аумағындағы археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен бері археологтар бірқатар қалалық құрылыс нысандарының орындарын тапты. Сонымен қатар, осы жерден Қазақстанның ортағасырлық қалаларының ешбірінде табылмаған көлемді алтын, күміс, қола бұйымдары бар құнды қазыналары (әшекейлер) қазып алынды.

 

Осы аумақта табылған құнды жәдігерлер жаңадан салынған «Ежелгі Тараз» музейіне қойылды. Тараз қаласы мен өңірінің 2000 жылдық тарихын көрсететін бұл музейден ежелгі, ортағасырлар (соның ішінде Қазақ хандығы дәуіріне), Әулиеата, Кеңес Одағы және Тәуелсіз Қазақстан кезеңіне жататын құнды жәдігерлерді табуға болады.

 

Археологиялық паркпен бір кешенде орналасқан «Ежелгi Тараз» музейі халықаралық тас жолы бойындағы Тараз қаласының экономикалық және мәдени орталық ретінде дамуына негіз болады. Бұл өз кезегінде қалада туристік саланың дамуына, ежелгі Тараз қаласының мәдени мұра нысандарын маңызды туристік бағыттарға қосуға септігін тигізеді.

 

www.mks.gov.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың төртінші шөбересі дүниеге келді

Нұрсұлтан Назарбаевтың төртінші шөбересі дүниеге келді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төртінші шөбересі дүниеге келді.

 

17 қыркүйекте Мемлекет басшысының немересі Нұрәлі Әлиевтің екінші ұлы өмірге келді. Бұл Астана әкімі орынбасарының отбасындағы төртінші бала болып отыр.

 

Нұрәлі Әлиев пен Аида Әлиева 12 жылдан бері некеде. Олар осыған дейін үш баланы тәрбиелеп келді: ұлдары Алан, қыздары Лаура мен Амира. Бұл отбасыдағы екінші ұлға қандай есім берілетіні әзірше белгісіз.

 

www.tengrinews.kz

Қазақстан Президенті бірінші сынып оқушыларына сыйлық сыйлады

Қазақстан Президенті бірінші сынып оқушыларына сыйлық сыйлады

1 қыркүйек – Білім күні барлық қазақстандық бірінші сынып оқушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан  сыйлық – «Менің Отаным – Қазақстан» («Моя Родина - Казахстан») кітабы тапсырылады.

 

«Қымбатты жас дос! Сен жаңа белеске қадам бастың – мектепке келдің, оқушы болдың!

 

Бұл сен үшін үлкен мереке. Ал мерекеде сыйлық беріледі. Бұл кітап – менің саған жасаған сыйлығым!

 

Мектепте сені қызықты жаңалықтар мен ғажайып уақиғалар күтіп отыр.

 

Қазақстан – біздің Отанымыз. Өз Отаныңның тарихы мен мәдениетін, ана тіліңді білуің керек. Бұған алғашқы ұстазың мен оқулықтарың, осы кітабың көмектеседі.

 

Қазақстанның болашағы жарқын. Елімізде татулық, береке болады. Бұған достарыңмен бірге сен де өз үлесіңді қосасың. Білім әлеміне саяхатың сәтті болсын!», - делінген Мемлекет басшысының  білім шаңырағының есігін ашқалы отырған оқушыларға жолдауында.

 

Аса көркем суреттермен безендірілген кітапта  еліміздің мемлекеттік рәміздері, «Мәңгілік ел» ұлттық бағдарламасы жөнінде айтылады. Мектеп есігін ашқалы отырған балдырғандарға Қазақстаннның картасы,  елордамыз – Астана, Алматы қаласы және әр аймақ туралы жеке  беттер ұсынылып отыр.

 

Сондай-ақ, шығармадан бірінші сынып оқушылары Қазақстанның табиғаты мен климаты, біздің республикамыздың әсем өңірлері жайлы жан-жақты білетін болады.

 

Қазақстанның мақтанышы – Байқоңыр кешеніне арнайы бет берілген.

 

Бөлек бөлім Қазақ хандығының 550 жылдығына және қазақ халқының ағартушыларына арналып отыр.Кітап  таралымы – 370 мың дана.

 

www.inform.kz

Мемлекет басшысы Қазақ хандығы туралы сериалдың сценарийіне түзетулер енгізді

Мемлекет басшысы Қазақ хандығы туралы сериалдың сценарийіне түзетулер енгізді

Қазақ хандығы туралы тарихи сериалдың  авторлары сценарийдің жаңа нұсқасын жазды.

 

«Қазақ Елі» тарихи сериалының түсірілімі жайында айтатын болсақ, қазіргі кезде Мемлекет басшысының түзетулерін ескере отырып, фильмнің авторлары сценарийдің жаңа нұсқасын құрды. Жобаның қойылымы қиын және оны жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылатын болады»,- делінген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәліметінде.

 

Бұл тұрғыда декорациялық, павильондық, интерьерлік және экстерьерлік нысандарды жасау қарастырылған. Оның ішінде Сығанақ, Созақ қамалдарын, Алмалық қаласын, хандардың сарайлары мен өзге де түсірілім нысандарын, киімдерді тігу, қажетті бұйымдар мен  ат әбзелдерін даярлау, қару-жарақ, компьютерлік графиканы әзірлеу және басқа да шараларды іске асыру жұмыстары бар.

 

Бұдан бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақфильм» киностудиясына барып, онда киностудия қызметімен, оның жаңа жобаларымен және киноөндіріс үдерісімен танысты.

 

Айта кетейік, «Қазақ Елі» туындысының режиссері – Рүстем Әбдiрашев.

 

www.inform.kz

Енді Елбасының рөлін Берік Айтжанов сомдайды

Енді Елбасының рөлін Берік Айтжанов сомдайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты үнемі Нұрлан Әлімжан сомдайтын. Осы жолы бұл роль актер Берік Айтжановқа бұйырыпты.

 

Алматыда «Так сложились звезды» фильмі түсіріліп жатыр. Картина режиссері — ресейлік Сергей Снежкин. Аталмыш киноға еліміздің танымал актерлері таңдалып алынған. Азамат Сатыбалды, Ғани Құлжанов, Еркебұлан Дайыров та түсірілім алаңында тер төгуде.

 

Естеріңізге сала кетсек, киноэпопеяның 4 бөлімі  2014 жылдың желтоқсанында көрсетілді. Оған дейінгілері «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Теміртау» деп аталған болатын.

 

Президенттің өмір жолы жайындағы фильмнің жалғасы қандай оқиғалармен өрбиді? Оны көп ұзамай тамашалайтын боламыз.

 

www.baistars.kz

 

 

Депутаттың роліне кастинг жарияланды

Депутаттың роліне кастинг жарияланды

Қазақстандықтарға «Елбасы жолы» киноэпопеясының түсірілім жұмыстарына түсу туралы ұсыныс жасалды.

 

Түсірілім тобының мүшесі Елена Коханова әлеуметтік желідегі парақшасында түсірілім жұмыстарына 2, 8 және 7 тамыз күндеріне депутаттың роліне 35 жастағы қазақстандықтар қажет екенін жазды.

 

«Жұмыс атауы «Так сложились звезды» тұңғыш Президент туралы толықметражды тарихи көркем фильміне екінші пландағы ОК депутаттары (1984) роліне мына сипаттағы адамдар қажет: 35-80 жас аралығындағы ер адамдар, сонымен қатар, 35-55 жас аралығындағы әйелдер, түрлі ұлттың сымбатты, тұлғалы адамдары қажет. Киім формасы: қара түсті костюм, шалбар, галстук, ақ жейде, сол жылдардың көйлегі болса, ордендер мен белгілер болса әкелулеріңізге болады», - деп жазды ол.

 

Еске салайық, киноэпопеяның төртінші бөлімі «Тығырықтан жол тапқан» 2014 жылдың желтоқсанында көрсетілді. Картина «Елбасы жолы» киноэпопеясының бір бөлімі болды, оған дейінгілері «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Теміртау» деп аталған болатын. Фильм сценариін қазақстандық белгілі драматург-сценарист Шахимардан Құсайынов, Рүстем Әбдірашев пен Геннадий Земел Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап желісі бойынша бірігіп жазған. Режиссер – Рүстем Әбдірашев. Фильмде Мемлекет Басшысының замандастары, достары мен әріптестерінің де естеліктері ескерілгенін айта кеткен жөн.

 

www.tengrinews.kz

 

2017 жылға қарай қазақстандықтардың 70 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлейтін болады

2017 жылға қарай қазақстандықтардың 70 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлейтін болады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде Ш.Шаяхметов атындағы республикалық үйлестіру-әдістемелік тілдері орталығының маманы Лиза Есбосынова мәлімдеді.

 

«Бүгінгі таңда біздің жүргізген әлеуметтік сауалнамамыз бен тіл үйрету орталықтарынан берілген сертификаттар санының пайыздық көрсеткіштеріне қарап, Қазақстан азаматтарының 40 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлеп, жаза алатынын аңғардық. Нақты жоспарларды орындау арқылы біз бұл көрсеткішті 2017 жылы 70 пайызға дейін жеткізетін боламыз, - деді Л. Қожаққызы.

 

Айта өтейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін үздіксіз және жүйелі түрде оқыту арқылы 2025 жылға дейін ел азаматтарының қазақ тілін меңгеру көрсеткішін 100 пайызға жеткізуді тапсырған болатын.

 

www.baq.kz

 

Астанада Елбасы Н. Назарбаев туралы кiтаптың тұсаукесерi өттi

Астанада Елбасы Н. Назарбаев туралы кiтаптың тұсаукесерi өттi

Бүгiн Астанадағы ҚР Тұңғыш Президентi – Ұлт Көшбасшысының кiтапханасында профессорлар Бүркiтбай Аяған мен Әлима Ауанасованың «Нурсултан Назарбаев: человек у власти» кiтабының тұсаукесерi өттi.

 

Бүгiн оқырман қауымға ұсынылған кiтапта тұңғыш рет Қазақстанның болашақ Президентiнiң қалыптасу жолының, оның әлемдiк қауымдастық мойындаған саяси қызметiнен көп мағлұмат беретiн еңбек жолының кезеңдерi сипатталған.

 

«Аталмыш кiтаптың жаңалығы – бiз Елбасының бала күндерiнен, оның Темiртаудағы жұмыс жылдарынан бастадық. Бiздiң Президентiмiз КСРО секiлдi алпауыт империя құлаған кезде тәуелсiз мемлекетіміздің негiзiн қалаушы ретiнде әлемге танымал болды. Кiтап екi тарауға бөлiнген. Әр тарау бiрнеше параграфтан тұрады. Бiзге дейiн де Елбасы жайында көп адамдар жазды. Ал бүгiнгi кiтапты нағыз тарихшылар жазып шығарды. Кiтапты жазып шығуға нақты 3 жылдай уақыт кеттi. Алайда, оның аясындағы жұмыстар сонау тоқсаныншы жылдардың ортасынан басталған едi. Кiтапты жазу кезiнде бiз Мемлекет басшысының адамгершiлiк қасиеттерiне көп назар аударғанымызды баса айтқым келедi», - дедi кiтап авторларының бiрi Б. Аяған.

 

Ол басылым әзiрге шағын таралымда жарық көргенiн айтып, егер, қоғам кiтапты ұнатып жатса, оған деген сұраныс туындап жатса, тираж саны ұлғайтылатынын мәлiмдедi.

 

www.bnews.kz