«Астана аруы» Түркияда өткен байқауда Top Model атанды

«Астана аруы» Түркияда өткен байқауда Top Model атанды

«Астана аруы-2013» Әйгерім Смағұлова Түркияда өткен халықаралық Princess of the Globe-2015 байқауына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ару үздік Топ-модель титулын жеңіп алды (Top Model).


Модельдің айтуынша, байқау жағымды әсер қалдырған.
Қыздар байқауға қызу дайындалып қана қоймай, елді аралап, демалыпты. «Қалжырататындай дайындықтар, таңертең 5 немесе 6-да тұру болған жоқ. Бізге демалатын, жағажайға баратын уақыт берілді. (...) Сонымен қатар, бұл жерде балалар арасындағы байқау өтіп жатыр. Біз балалармен достасып, олармен бірге таңғы, түскі және кешкі асқа барамыз. Байқауға барғаным үшін қатты қуаныштымын», - деді Әйгерім Смағұлова.

 

Айта кетейік, Әйгерім Смағұлова «Астана аруы-2013» байқауының жеңімпазы. Сол жылы ол Астананың атынан «Қазақстан аруы» байқауына қатысып, ТОП-7-ге кірді. Таяуда «Азия аруы» атанды.

Байқауға әлемнің 25 елінен келген қыздар қатысты. Princess of the Globe-2015 байқауы 10 күнге жалғасты. Бұл байқауда украиналық Яна Равликовская жеңіске жетті.

Сабина Алтынбекова модель болуға лайық спортшылар тізіміне енді

Сабина Алтынбекова модель болуға лайық спортшылар тізіміне енді

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова модель бола алатын спортшылардың тізіміне енді.

 

MSN жазғандай, белгілі спортшылар фотокамералардың назарына жиі ілігеді, кейбіреулері белгілі брендтерді жарнамалайды. Олардың бұл жұмысты тамаша атқаратыны соншалық, тіпті айналысатын істерін ауыстырса да, модель ретінде сұранысқа ие бола алады.

 

Сабина Алтынбековадан өзге тізімге Дэвид Бекхэм, Мария Шарапова, Криштиану Роналду, Серена Уильямс, Рафаэль Надаль, Дарья Клишина, Алисса Чизни сынды 67 спорт жұлдызы енді.

 

www.inform.kz