Ақбота Қаймақбаева: Драмалық рөлдерді сомдау – актрисаның шыңдауына әсер етеді

Ақбота Қаймақбаева: Драмалық рөлдерді сомдау – актрисаның шыңдауына әсер етеді

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - Алматыда Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық би байқауы өтті;

 - Этномузыкант Еділ Құсайыновтың шығармашылығы;

 - Алматыда ҚР Суретшілер Одағы 90-нан астам суретшілердің көрмесін өткізді;

 - Шетел жаңалықтары;

 - Құмға салынған сурет өнерінің пайдасы;

 - Студия қонағы – Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Ақбота Қаймақбаева. 

Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды

Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік және Қазақстандағы British Council-дің ұйымдастыруымен Ұлттық инновациялар байқауы басталды.

 

Байқауға мектеп оқушыларынан бастап, ірі кәсіпорындарға дейін түрлі категориядағы өнертапқыштар мен рационализаторлар қатыса алады.

 

Байқау 5 номинация бойынша өткізіледі: «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі», «Инновация тақырыбындағы үздік журналистік материал».

 

Байқаудың жалпы жүлде қоры 18 600 000 теңгені құрайды.

 

Сондай-ақ, байқауда жеңіске жеткен оқушылар, журналистер, жас ғалымдар Ұлыбританияға білім беру бағытындағы сапарға бару мүмкіндігіне ие болады.

 

«Үздік жас ғалым» номинациясындағы жеңімпаз Лондонда өтетін FameLab халықаралық ғалымдар байқауында  ел атынан сынға түседі.

 

Қатысуға өтінімдер 2015 жылдың 25 қазанына дейін «ТДҰА» АҚ-ның ресми сайтында www.natd.gov.kz онлайн қабылданады, оқушылар өз өтінімдерін 2015 жылдың 22 қарашасына дейін жолдай алады.

 

strategy2050.kz

«Қазақстан аруы-2015» байқауының жүлде қоры 5 млн теңгені құрайды

«Қазақстан аруы-2015» байқауының жүлде қоры 5 млн теңгені құрайды

Осы жылы «Қазақстан аруы» байқауын ұйымдастырушылар жүлде қорын ұлғайтты. Байқау жеңімпазы 5 млн теңге алады, деді ОКҚ-да байқаудың fashion-продюсері Сәкен Жақсыбаев.

 

«5 млн теңге – өз бизнесін ашуға мүмкіндік беріп, не болмаса оқуын жалғастыруға және мансабын жалғастыруға жол ашады. Сондықтан да «Мисс Қазақстан -2015» титулы атағына таласуға себеп бар деп ойлаймын», - деді С. Жақсыбаев.

 

«Қазақстан аруы» ұлттық байқауының президенті Алена Ривлина-Кырбасова байқауға қатысу барлық қыздар үшін тегін екенін айтып өтті.

 

«Басты талап -  үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Барлық шығындар бюджетке енгізілген. Біз барлық қатысушы тең дәрежеде болуын қамтамасыз еттік.

 

Байқау президенті атап өткендей, «Қазақстан аруы» байқауы өткен жылдары жеңімпаздардан бұрын өзге де қатысушылар Қазақстанның танымал тұлғаларына айналды.

 

Дәстүрлі «Қазақстан аруы» ұлттық байқауы Астанада 10 желтоқсан күні өтеді. Қазақстанның үздік сұлуын қазақстандық смс-дауыс беру арқылы таңдайды.

 

2014 жылдан бастап байқауға қатысудың жаңа талаптары енгізілді. Елдің кез келген өңірінің тұрғыны «Қазақстан аруы» сайтына қатысуы туралы өтініш бере алады. Тіркеу 2015 жылдың 11 қазанына дейін жалғасады.

 

www.strategy2050.kz

«Startup Bolashak» байқауының жеңімпаздарына 25 млн теңге көлеміндегі грант беріледі

«Startup Bolashak» байқауының жеңімпаздарына 25 млн теңге көлеміндегі грант беріледі

Биылғы жылдың 20 шілдесінде «Болашақ» Қауымдастығы «Даму» қорымен бірлесіп, «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «Startup «Bolashak» байқауының басталғанын жариялады. Өтінімдер жинау 20 шілдеден бастап 20 қыркүйекке дейінгі аралықта жүзеге асты. Байқауға Қазақстанның 18-29 жасаралығындағы жастары, сондай-ақ, 5 адамға дейінгі жобалық топтар қатысты.

 

Берілген өтінімдердің жалпы саны 2095-ке жетті. Оның ішінде 2080-і конкурстық комиссияның қарауына жіберілді, 15 өтінім құжаттар топтамасының толық тапсырылмауына байланысты кері қайтарылды.

 

Өтінімдердің көпшілігі Астана (400 өтінім), Алматы қалаларынан (227), Павлодар (155), Батыс Қазақстан (134), Оңтүстік Қазақстан облыстарынан (134) келіп түсті.

 

Бизнес-идеялардың көп бөлігі өңдеуші саламен (647 өтінім), ақпараттық технологиялармен (263), білім берумен (171) және басқаларымен байланысты.

 

Стартап-жобалар байқауының жеңімпаздарына 25 млн теңге гранттық қолдау көзделген: I орын – 7 млн теңге, II орын – 5 млн теңге және III орын – 3 млн теңге. «BI Group» холдингі бөлген 10 млн теңге гранттар, сондай-ақ, әлеуетті инвесторлардан стартаптарды дамытуға қаражат қарастырылған.

 

Конкурстық комиссияның құрамына атақты бизнесмендер, тәуелсіз сарапшылар, қаржылық институттардың өкілдері кірді.

 

Бизнес-жобаларды іріктеу кезінде төмендегілер ескерілгенін айта кеткен жөн: бизнес-идеялар жаңалығы мен бірегейлігі, олардың әлеуметтік маңыздылығы, нысаналы аудитория, сондай-ақ, бизнестегі жұмыс тәжірибесі есепке алынды.

 

Конкурстық комиссия отырысының қорытындылары бойынша 23 бизнес-идея іріктеп алынды, олардың авторлары қазанның 12-сінен 15-іне дейінгі аралықта Астана қаласында оқыту семинар-тренингтеріне қатысады.

 

Қатысушылар семинар-тренингтерден өткеннен кейін өзінің бизнес-идеясын конкурстық комиссияның кеңейтілген құрамы алдында жария етеді. Қорытындысы бойынша Бизнес-жоспарлар марафонына қатысуға 10 үздік бизнес-идея іріктеп алынады.

 

www.bnews.kz

Астанада «Жасыл технологиялар мен инновация» байқауы жарияланды

Астанада «Жасыл технологиялар мен инновация» байқауы жарияланды

Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, елордада «Жасыл технологиялар мен инновация» виртуалды байқауы жарияланды.

 

Байқауға қазақстандық компаниялар, жекеменшік мекемелер және жеке тұлғалар, сондай-ақ, Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел компаниялары қатыса алады.

 

Байқау келесі салалық бағыттарда өткізіледі:

 

- энергия саласындағы инновация жолдары;

 

- энерготиімділік және технологияның ресурстарын сақтау;

 

- экожүйені басқару тиімділігі;

 

- ауылшаруашылық саласындағы жоғары өндірістік және тұрақты тәжірибе, басқарманың тиімді әдістері мен қоқыс-қалдықтарын өңдеу;

 

- су ресурстарын тұрақты пайдаланудағы тиімді технологиялар; 

 

 

- зиянды қалдықтарды азайту.

 

Байқауға қатысушалыр мына аталымдар бойынша марапатталады:  «Жасыл» технологияны өндіретін «Үздік өндіруші»,  «Жасыл» технологияны «Үздік жеткізуші», «Жасыл» технологияны пайдаланған «Үздік кәсіпорын».

 

Байқауға қатысу үшін ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін www.gbpp.org,www.gt.greenkaz.orgсайттарына тікелуіңіз қажет.

 

Технологиялық талаптар «жасыл» технология» тізімінде көрсетілетін болады және  ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі форумында орналастырылады.

 

www.astana.gov.kz

Қазақстандықтар «Жаңа толқын-2015» байқауының бірінші күнінде үздік үштікке кірді

Қазақстандықтар «Жаңа толқын-2015» байқауының бірінші күнінде үздік үштікке кірді

Сочиде өтіп жатқан «Жаңа толқын-2015» жас орындаушылар байқауының бірінші күнінде Қазақстаннан барған қатысушылар көш бастады.

 

2015 жылы Қазақстан атынан тұңғыш рет екі қатысушы шығады – әнші Әдемі (Динара Қайырова) және VoiceKZ тобы. Байқауға қатысушылар әлемдік хиттерді өз интерпретациясында орындаған бірінші күннің қорытындысы бойынша, әнші Әдемі 87 ұпаймен екінші орынға, ал үшінші орынға 86 ұпаймен Voice KZ тобы жайғасты.

 

Әзірше көш басында хорват әншісі Дамир Кедзо (88 ұпай). Байқаудың екіншікүні 4 қазанда, бүгін өтеді. Қатысушылар «Жаңа толқын» байқауына әр жылдары қатысқан орындаушылармен танымал композитор Игорь Николаевтың 55 жылдық мерейтойына орай оның әндерін дуэтпен айтады.

 

Қазылар алқасының биылғы құрамы: Леонид Агутин, Филипп Киркоров, Игорь Крутой, Игорь Николаев, Ани Лорак, Валерия, Лайма Вайкуле. Бас жүлде иегері 3,5 миллион рубль, екінші орын 2,2 миллион рубль және үшінші орын 1,3 миллион рубль алады.

 

Қазақстан атынан шыққан қатысушылар жыл сайын қатысса да «Жаңа толқын» тарихында бір де бір рет жеңіске жетпеген. Қазақстандықтар «Көрермендер көзайымы» және «Алла Пугачеваның арнайы жүлдесі» сияқты сыйлықтарға ие болған еді. Әр жылдары төртінші орыннан Rin’Go тобы, Қайрат Түнтеков және The Jigits тобы көрінген болатын.

 

www.tengrinews.kz


ҰСТАЗЫҢМЕН СЕЛФИ ЖАСАП, ЖҮЛДЕ ҰТЫП АЛ!!!

ҰСТАЗЫҢМЕН СЕЛФИ ЖАСАП, ЖҮЛДЕ ҰТЫП АЛ!!!

Байқау шарттары:

 

1. Байқауды ережесімен бірге репост етіп бөліс;

 

2. Мектеп немесе университет қабырғасында сүйікті ұстазыңмен селфи жасап, #agai_apai хэштэгімен 4 қазанға дейін жариялау қажет;

 

3. Сенің парақшаң ашық болуы керек;

 

4. Біздің парақшаларға тіркел:

 

ВК http://vk.com/bilimmadeniet1

Facebook https://www.facebook.com/BilimMadeniet 

Instagram https://instagram.com/bilim_madeniet

 

P.S.: Кімде-кім көп лүпіл (лайк) жинаса, біздің телеарна дайындаған ең басты жүлдемізді жеңіп алады!

Ақмола облысында өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл дарын» байқауы өтті

Ақмола облысында өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл дарын» байқауы өтті

Ақмола облысының Шортанды ауданында өзге ұлт ұстаздары арасында қазақ тілін меңгеру бойынша «Тіл дарын» байқауы өтті.

 

Аталған іс-шара Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай ұйымдастырылды.

 

Байқауға қатысушылар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, барлық жарыс тапсырмаларын ойдағыдай орындады. Өздері, жанұялары мен жұмысына байланысты сұрақтарға жауап берді.

 

Сайыстың екінші кезеңі «Полиглот» сайысында қатысушылар берілген мақал-мәтелдерді неміс, орыс, ағылшын тілдеріне аударып жатты. Ал, блиц-турнирде өздерінің нақты жауаптарымен және жылдамдықтарымен әділ-қазыларды таң қалдырып жатты.

 

Үй жұмысы кезеңінде қатысушылар өздерін шығармашылық жағынан көрсетіп, әннен шашу шашып, биден маржан төкті.

 

Байқау қорытындысы бойынша «Тіл дарыны» болып ағылшын тілінің мұғалімі Анастасия Попова танылды. Тарих пәнінің мұғалімі Вячеслав Гавриш екінші, ал, психолог Людмила Репринцева үшінші орынды жеңіп алды. Биология пәнінің мұғалімі Виталий Черный жеңіске деген құштарлығы аталымымен марапатталды.

 

www.bnews.kz

Қазақстандық әнші Украинаның Х-Factor шоуына қатысты (БЕЙНЕ)

Қазақстандық әнші Украинаның Х-Factor шоуына қатысты (БЕЙНЕ)

Бірнеше жыл «Индиго» тобының солисі болған қазақстандық әнші Айбөпе Қарашева (Aibu) Украинаның Х-Factor шоуына қатысты.

 

Орындаушы Jessie J – Domino деп аталатын ойнақы әнді орындады, осылайша өнерпаз қазылар алқасының төрт мүшесіне де ұнап, келесі кезеңге өтті. 

 

Айта кетейік, әнші Айбөпе Қарашева музыкалық конкурстарда бірнеше мәрте жеңіске жеткен. 2011 жылы «Екі Жұлдыз» бағдарламасында Қайрат Нұртаспен бірге өнер көрсетті. Кейін «Индиго» тобының ұжымымен бірге «Жаңа толқын» шоуының жартылай финалына шықты, алайда нәтижесінде олар The Jigits тобына жол берген еді.

 

www.tengrinews.kz


Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/music/kazakstandyik-ansh-ukrainanyin-h-Factor-shouyina-katyistyi-264817/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

1 қазанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау аяқталады

1 қазанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау аяқталады

Үшінші кезең шеңберіндегі «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 2015 жылдың 1 қазанында аяқталады.

 

Үміткерлер байқауға қатысу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында тізбесі белгіленген құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет.

 

Құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталықтары және «Egov» «электрондық үкімет» порталы арқылы, немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тапсыруға болады.  

 

«Құжаттарды алдын ала, соңғы күнді күтпей тапсырған жөн, жеке іске жасалған ескертулерді жоюға қосымша уақыт қалдырған абзал. Құжаттардың толық емес пакеті тіркеуге жатпайды және байқауға жіберілмейді», - дейді Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаментінің директоры Ғайни  Есембекова.

 

2015 жылы құжаттарды қабылдау 3 кезеңнен тұрады:

1 кезең – 13 сәуір – 8 мамыр;

2 кезең – 8 маусым – 10 шілде;

3 кезең – 10 тамыз – 1 қазан.

 

www.bolashak.gov.kz