«Астана аруы» Түркияда өткен байқауда Top Model атанды

«Астана аруы» Түркияда өткен байқауда Top Model атанды

«Астана аруы-2013» Әйгерім Смағұлова Түркияда өткен халықаралық Princess of the Globe-2015 байқауына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ару үздік Топ-модель титулын жеңіп алды (Top Model).


Модельдің айтуынша, байқау жағымды әсер қалдырған.
Қыздар байқауға қызу дайындалып қана қоймай, елді аралап, демалыпты. «Қалжырататындай дайындықтар, таңертең 5 немесе 6-да тұру болған жоқ. Бізге демалатын, жағажайға баратын уақыт берілді. (...) Сонымен қатар, бұл жерде балалар арасындағы байқау өтіп жатыр. Біз балалармен достасып, олармен бірге таңғы, түскі және кешкі асқа барамыз. Байқауға барғаным үшін қатты қуаныштымын», - деді Әйгерім Смағұлова.

 

Айта кетейік, Әйгерім Смағұлова «Астана аруы-2013» байқауының жеңімпазы. Сол жылы ол Астананың атынан «Қазақстан аруы» байқауына қатысып, ТОП-7-ге кірді. Таяуда «Азия аруы» атанды.

Байқауға әлемнің 25 елінен келген қыздар қатысты. Princess of the Globe-2015 байқауы 10 күнге жалғасты. Бұл байқауда украиналық Яна Равликовская жеңіске жетті.

«Астана аруы - 2015» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды

«Астана аруы - 2015» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды

Елордада «Астана аруы - 2015» мүмкіндігі шектеулі қыздар арасындағы сұлулық байқауы аяқталды. Төрешілер үміткерлер арасынан Астананың ең сұлу аруын таңдады. Атап айтқанда, байқаудың бас жүлдесі Сәуле Айдархановаға бұйырды. Ал байқаудың екінші вице-мисс атағы Алиева Севдаға бұйырса, Анжелика Сергеева бірінші вице-мисс атанды.

«Біз осы байқаудың арқасында көптеген дос, құрбы таптық. Сондықтан байқаудың барша қатысушылары өз армандарына еш кедергісіз жетулеріне тілектеспін», - деді «ДОС» тәуелсіз өмір» орталығының, байқау төрешілерінің төрайымы Дина Ерділдинова.

«Астана аруы» байқауы алдағы уақытта жыл сайын тұрақты түрде өткізілмек. 

 

www.inform.kz

 

Мүмкіндігі шектеулі қыздар арасында «Астана аруы 2015» байқауы өтеді

Мүмкіндігі шектеулі қыздар арасында «Астана аруы 2015» байқауы өтеді

«ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі сәуір айында республика астанасында мүмкіндігі шектеулі қыздар үшін «Астана аруы 2015» байқауын өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Байқауға 18-35 жас аралығындағы қыздар қатыса алады. Байқау 4 бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі - таныстыру, екіншісі - ұлттық киіммен шығу, одан кейін шығармашылық бөлім болса, соңында дефиле ұйымдастырылады. Байқау аяқталысымен марапаттау рәсімі өтеді», - деді жоба үйлестірушісі Тынабекова Қарлығаш.

 

www.bnews.kz