Джонни Депп «Оскар» алғысы келмейді

Джонни Депп «Оскар» алғысы келмейді

Атақты актер Джонни Депп журналистер алдында күтпеген мәлімдеме жасады.

 

Ол өзінің қатысуымен түсірілген «Черная месса» фильмін жарнамалау науқанына қатыса отырып, осы туындыдағы ролі үшін «Оскар» алғысы келмейтінін айтты.

 

«Черная месса» картинасы Лондондағы кинофестивальда жұртшылық назарына ұсынылды. Артынша сарапшылар Депп осы фильмдегі ролі үшін «Америкалық Кино академиясының жүлдесіне ұсынылуы мүмкін» деген болжам жасап үлгірді.

 

Бұл жаңалыққа қатысты актер былай деді: «Жалпы «Оскар» деген кезде, бақталастық ойға түседі. Ал мен ешкіммен бәсекелес емеспін. Мен бар болғаны тек өз жұмысымды жасаймын. Кейде еңбектерім жұрттың көңілінен шықпауы да мүмкін, бірақ бұл – қалыпты нәрсе».

 

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Джонни Депп «Оскарға» 3 рет ұсынылды.

 

«Черная месса» фильмінде ол Федералды тергеу бюросының құпия тыңшысы бола жүріп, 19 рет адам өлтіруге қатысқан Уайти Балджердің ролін сомдайды.

 

24.kz