Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды

Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік және Қазақстандағы British Council-дің ұйымдастыруымен Ұлттық инновациялар байқауы басталды.

 

Байқауға мектеп оқушыларынан бастап, ірі кәсіпорындарға дейін түрлі категориядағы өнертапқыштар мен рационализаторлар қатыса алады.

 

Байқау 5 номинация бойынша өткізіледі: «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі», «Инновация тақырыбындағы үздік журналистік материал».

 

Байқаудың жалпы жүлде қоры 18 600 000 теңгені құрайды.

 

Сондай-ақ, байқауда жеңіске жеткен оқушылар, журналистер, жас ғалымдар Ұлыбританияға білім беру бағытындағы сапарға бару мүмкіндігіне ие болады.

 

«Үздік жас ғалым» номинациясындағы жеңімпаз Лондонда өтетін FameLab халықаралық ғалымдар байқауында  ел атынан сынға түседі.

 

Қатысуға өтінімдер 2015 жылдың 25 қазанына дейін «ТДҰА» АҚ-ның ресми сайтында www.natd.gov.kz онлайн қабылданады, оқушылар өз өтінімдерін 2015 жылдың 22 қарашасына дейін жолдай алады.

 

strategy2050.kz