Алматыда сән апталығы өтуде

Алматыда сән апталығы өтуде

Алматыда Қазақстан сән апталығы басталды. Ашылу салтанаты Ә. Қастеев атындағы мұражайда өтті. Әр сәнгердің қолтаңбасы көрініп тұрған киім үлгілері ерекше. Көрсетілімнің алғашқы күні 2016 жылдың көктем, жаз киімдері таныстырылды. Өз еліміздің сәнгерлерінен бөлек, Украина, Италия, Францияның дизайнерлері пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Бір-бірінің еңбегіне жоғары баға берді.

 

Шетелдегідей әр көрсетілімге шоу ойлап табу бізге қашан келеді, деген сұраққа сәнгер Сәкен Жақсыбаев былай деді:

 

«Әр нәрсенің өз сәті болады. Осы жолы бірнеше жерде өткізуге мүмкіндік алдық. Бұл дизайнерлерге қолайлы. Өздеріне ұнаған жерді де, музыканы да таңдай алады. Бұйырса, шоуға да келеміз. Алға басқан әр қадамның сәттілік әкеледі». 

 

gakku.kz