Отандық студенттер Enactus бизнес-жобалардың әлемдік кубогына қатысады

Отандық студенттер Enactus бизнес-жобалардың әлемдік кубогына қатысады

Enactus Kazakhstan Expo 2015 бизнес жобалар ұлттық кубогының жеңімпаздары – Қазақ гуманитарлық заң университетінің командасы ОАР, Йоханнесбург қаласында қазанның 14-16 аралығында өтетін халықаралық байқауда бақтарын сынайды. Олар әлемнің 36 мемлекетінің студенттерімен жарысқа түсіп, EXPO-2017 жобасын таныстырады.

 

Enactus халықаралық бағдарламасы жастар кәсіпкерлігі мен әлеуметтік жобалар саласында өзара әрекеттестік үшін жастардың көшбасшыларын, жетекші бизнесмендер мен белсенді оқытушыларды біріктіреді.

 

ЖОО-да алған теориялық білімдерін іс жүзінде пайдаланған студенттер кәсіпкерлікке машықтанады, лидерлік қасиеттерін дамытады, бизнес этикасын меңгереді, қоғамның жауапты азаматы болуды үйренеді.

 

Жетекші отандық кәсіпкерлер мен шетелдік компаниялар жыл сайын студенттердің жобалық жұмыс нәтижесін бағалап, кадрлық резерв ретінде ҚР-дың 49 университетінің Enactus белсенділерін қарастырады. Жоба Мемлекет басшысының қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін және отандық бизнесті дамытуға қатысу белсенділігін арттыру бойынша тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған.

 

Жобаларды бағалаудағы басты талап – кәсіпкерлік арқылы тұрғындар өмірінің сапасы мен деңгейін көтеру. Байқаудың әлемдік кубогының қазылар алқасының мүшесі ретінде ірі халықаралық компаниялардың басшылары тағайындалған.

 

strategy2050.kz