Қазақстандық ақын «Русский Гулливер» сыйлығы үміткерлерінің қатарына кірді

Қазақстандық ақын «Русский Гулливер» сыйлығы үміткерлерінің қатарына кірді

Қазақстандық ақын Заир Асим халықаралық «Русский Гулливер» әдебиет жүлдесінің үміткерлері қатарына енді.

 

«Русский Гулливер» жүлдесі халықаралық сыйлық ретінде құрылған, ол орыс тілінде жазатын авторларға беріледі және 2014 жылдан бастап өткізіле бастады. Сыйлықтың құрылтайшысы - Заманауи әдебиет орталығы, «Русский Гулливер» баспа жобасы мен «Гвидеон» мультимедиялық журналы. 

 

2015 жылы жұмыстар екі категория бойынша қабылданды – «Қысқа әңгіме» мен «Ақын прозасы». Қазақстандық ақын Заир Асим «Барселона» шығармасымен «Ақын прозасы» бойынша сыйлықтың лонг парақшасына енді.

 

Айта кетейік, Заир Асим «Осиротевший крик сирени» өлеңдер жинағының, «Письма в никуда» проза кітабының авторы. Оның шығармалары 2011 және 2012 жылдары Ресейдің үздік өлеңдер антологиясына кірген.

 

www.tengrinews.kz