Жаңа топқа кастинг жарияланды

Жаңа топқа кастинг жарияланды

Қазақ эстрадасына жаңа тыныс беруді мақсат еткен Алмас Бекіш есімді продюсер бұл салаға алғаш қадам басса да, үздік топ құруды көздеп отыр. Ән айтып, музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын музыканттар болса, келесі ақпаратқа құлақ түріңіздер.

 

«14қазан күні Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінің караоке клубында кастинг өтеді. Бізге таланатты ән айтатын қыз бен жігіт және көптеген музыкалық аспапта ойнайтын таланттар керек», - айтты Алмас Бекіш, продюсер. 

 

Гитарада, дауылпазда және күйсандықта жақсы ойнайтын қабілеті бар өнерпаздар үшін бұл жақсы мүмкіндік. Өнерлілерге байқау жариялап отырған продюсер топтың болашағы«А-студио» мен «Формат» тобы сынды дәрежедегі топ болады деп жоспарлап отыр.

 

«А-студио» мен «Формат» тобы ұнайды өзіме. Ерекше топтар деп соларды айта аламын. Сондай бір жаңа топ құрғым келеді. Солардың деңгейіне жетерміз, тіпті асып кетерміз» - дейді ол.

 

Бір жыл бойы дайындық жоспарын жүргізген Алмас авторлық әндерді де дайындап қойыпты. Таланттар таңдалса, ән жазып, клип түсіріп, өздері туралы жұртқа кеңінен жарияламақ.

 

www.gakku.kz