Димаш Құдайбергеновке облыс әкімі 5 млн теңгенің сертификатын тапсырды

Димаш Құдайбергеновке облыс әкімі 5 млн теңгенің сертификатын тапсырды

Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Славян базары2015» халықаралық ән байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергеновке Алғыс хат пен 5 миллион теңгенің сертификатын берді.

 

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетовпен кездесуге Димаштың атасы мен әжесі, ата-анасы Қанат пен Светлана Айтпаевтар келді. Сонымен қатар, әншінің әндерін өңдеген Бахытбек Зейнелов те қабылдауда болды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Димаштың ерекше дарын иесі екенін айтып, соңғы 5 жылдан бері жетістіктерін үнемі жоғары бағалап жүретінін жеткізді. 

 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Жазғы амфитеатр сахнасында бас жүлде және арнайы «Лира» сыйлығына ие болды. Ол екі күннің қорытындысы бойынша ең жоғары 175 балды жинады. Бұл байқауға қатысуға Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония қаржылай қолдау көрсеткен.

 

www.bnews.kz