Киізден киім тігудің құпиясы

Киізден киім тігудің құпиясы

Бағдарлама тақырыптары:

 

 

 - Қолөнер шебері Гүлбаршын Матниязованың туындылары;

 - Студия қонағы – опера әншісі Гүлзат Дәуірбаева және ақын Қойшыбек Кәрібаев.

Дина Хамзина: Шетелдің көрермендерін қазақтың төл туындыларымен ғана таң қалдыра аламыз

Дина Хамзина: Шетелдің көрермендерін қазақтың төл туындыларымен ғана таң қалдыра аламыз

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - Қарағандыда белгілі әнші әрі сазгер Қорабай Есенов пен Сейіл аяғанның бірлескен концерті өтеді;

 - Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов шығармашылығы;

 - Шетел жаңалықтары;

 - Студия қонағы – опера әншісі Дина Хамзина.

10 қазанда «Абай» операсының үшінші тұсаукесерлік спектаклі өтеді

10 қазанда «Абай» операсының үшінші тұсаукесерлік спектаклі өтеді

Алғашқы тұсаукесер қоғамның үлкен қызығушылығын тудырды. Екі күн ішінде елордалық опера театрында 2 500 көрермен болды, олардың қатарында астаналық тұрғындар мен қонақтар, сондай-ақ, музыкатанушылар, музыка сыншылары мен «Абай» операсын тек шығарма ретінде емес, оны өмірдің бір бөлігі деп қабылдайтындар да бар.

 

10 қазанда тыңдармандар тамашалайтын басты орындаушылар құрамында: Абай – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев;   Ажар – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова; Айдар – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жан Тәпин, Жиренше – Евгений Чайников;  Әзім– Рамзат Балақышиев; Көкпай – Талғат Ғалеев;  Қарлығаш – Татьяна Вицинская. Аталмыш спектакльде алғаш рет өнер көрсетіп, Сырттанның партиясын орындайтын тағы бір әртіс – Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян;  Нарымбет – Ерұлан Кәмел;  Мес – Нұрлыбек Қоспармақов сынды өнерпаздар бар.

 

Дирижерлық тізгінде – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» бас дирижері Алан Бөрібаев. 

 

www.astanaopera.kz

Қазақтың екінші Күләші

Қазақтың екінші Күләші

Ол миллиондаған тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, өнер бұлағымен сусындатқан қазақ сахнасының теңдессiз бұлбұл дауысты әншiсi едi. Оның әуелете шырқаған әнi кәсiби тұрғыда адам жан дүниесiн ерекше сезiмге бөлепелiктiрiп әкетушi едi. Қазақ КСР Халық әртісi, XX ғасырдың үздiк лирико-клоротуралық сопранасы, қазақтың екiншi Күләшi Айсұлу Байқадамқызын кейiнгi жастар жыға тани бермейдi.

 

Дарын иесі 1927 жылы қазан айының 4 жұлдызында Қостанай қаласында дүниеге келген. Әкесi Байқадам Қаралдин, ал анасы Үрзипа Төлебаева көзi ашық, сауатты, өнерлi жандар болған. Осындай отбасынан Бақытжан Байқадамов секiлдi композитор, Данабике Байқадамова сынды заңғар жазушы, М. Әуезовтiң «Абай жолы» роман-эпопеясын қағаз бетiне түсiрген стенографист Күнiмжан Байқадамқызы сынды профессор шыққан. Айсұлудың әншiлiк талантының оянуына оның өскен ортасы өз септiгiн тигiзгенін осыдан байқауға болады.

 

Ол №12 қазақ орта мектебiнiң 1 сыныбында оқып жүрген кезiнде көркемөнерпаздар үйiрмесiнiң белсендi қатысушысы болады. Көрнектi әншi Күләш Байсейiтованың назарына iлiгiп, сахнаның әлiппесiн үйренедi. Сұрапыл соғыс қарсаңында Ахмет Жұбанов басқарған филармонияның халық аспаптар оркестрiне қабылданып, осы өнер ұжымымен бiрге майдан даласында өнер көрсетедi. Майдан даласында ән салып, кеудесiн оқ пен отқа төсеген жауынгерлерге әнiмен рух бередi. Сұрапыл соғыс жылдарындағы табанды еңбегi үшiн қазақ әншiлерi iшiнен Роза Бағланова екеуi II Дүниежүзiлiк соғыстың арда герi атанады.

 

1949 жылы Айсұлу Байқадамқызы Мәскеу консерваториясына түсуге аттанады. Ондағы атақты профессор Валерия Барсова қазақтың қаршадай қызын оқуға емтихансыз бiрден қабылдайды. 1954 жылы Мәскеу консерваториясын қызыл дипломмен тәмамдап, Абай атындағы қазақ опера және балет театрына келедi.

 

Байқадамовтар әулетiнен қазiр жасы тоқсанға келген Күнiмжан Байқадамқызы өзiмен егiз қозыдай бiрге өскен сiңлiсi туралы естелiгiнде былай дейдi: «Мектепте оқып жүргенде Күләш апай даусына ғашық болдым деп Айсұлуды бауырына басып көп көмегiн тигiздi. Күләш Байсейiтова театрда Айсұлуды қуана қарсы алып, «ендi сен «Қыз Жiбек» операсын бастан-аяқ орындайсың деп апалық көмегiн көп көрсеттi. Айсұлу операда ән шырқайтын күнi жұрт кассададан билет таппай жүретiн. Алайда қиындық та өнер иесінің қасынан айналып өтпеді. Байдың қызы, халық жауының қызы деп атақ бермей, көп қудалады. Бiрiншi еңбек сiңiрген әртiс атағын алды, сосын Д. Қонаевтың кезiнде халық әртiсi атағын бердi. КСРО халық әртiсiне лайықсың деп Мәскеу консерваториясының профессорлары қолдады. Күләш Байсейiтова да барынша күш салғанымен, алып бере алмады. Бiр күнi бiзге Мәскеу қаласына шұғыл ұшу керек болды. Мен, Айсұлу және Дiнмұхамед Қонаев үшеумiз оның жеке ұшағымен ұштық. Бұрын сiңлiм болған соң, аса мән бермеппiн, сонда мен Айсұлуды жаңа қырынан таныдым. Димаш ағамен сөйлескенi, пiкiр таластырғаны дипломатиялық жағынан бiлiмдiлiгiн көрiп таңғалдым. Өзi жарты ғұмырын сарп еткен Абай театры оны ұмытып кеттi, не бiр еске алу кешiн өткiзбедi. Еске алуды былай қойғанда, оның портретiн алып тастады, оның сiңiрген еңбегiн туған халқы ұмытты».

 

Оның сахнада ойнамаған рөлi кемде-кем. «Қыз Жiбектегi» Жiбек, «Абайдағы»  Ажар, «Бiржан-Сарадағы» Сара, Е. Рахмадиевтың «Қамар сұлуындағы» Қамар, З. П. Палиашвилидiң «Даисиiндегi» Маро, Н. А. Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығындағы» Марфа, К .Х. Делбибтiң «Лакмесiн дегi» Лакме, М. И. Глинканың «Руслан мен Людмиласындағы» Людмила, Дж. Пуччинидiң «Чио-Чио-Санындағы» Чио-Чио-Санның партияларын аса шеберлiкпен орындады. Тiптi композитор С. Мұхамеджанов «Айсұлу» операсын арнай өнер иесіне жазды. 1955-1969 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясы мен эстрада цирк колледжiнде ұстаздық етiп, көптеген шәкiртердi тәрбиеледi. Ол Будапешт, Италия, Венгрия, Франция сынды көптеген шетелдерде өнер көрсеттi. Бүгiнде А.Байқадамқызы туралы деректер жоқтың қасы. Содан болар, Айсұлу Байқадамқызының жарқын бейнесi тарих қойнауына енiп көмескiленiп барады.

 

Айдар Жоранов

 

Суреттер ҚР ОМ КФҚ ДЖМ алынды.

Ыстамбұлда ТҮРІКСОЙ опера күндерінің фестивалі өтті

Ыстамбұлда ТҮРІКСОЙ опера күндерінің фестивалі өтті

Ыстамбұлда дәстүрлі ТҮРІКСОЙ опера күндерінің фестивалі өтті. Концерт Түркия және Кипр сахналарында қойылды.

 

 

XXII Халықаралық опера және балет фестивалінің қорытынды концерті Анталиядағы көне Аспендос театрында болды. Онда әйгілі Моцарт, Верди, Беллини сияқты композиторлармен бірге түріктің заманауи шығармалары да шырқалды. Биылғы фестивальдің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл жолы балет әртістері де өнер көрсетті. Қазақстан мемлекеттік «АстанаОпера» театрының әншілері Хачатурянның «Спартак» балетіндегі «Адажионы» орындады. Жыл сайын ТҮРІКСОЙ фестивалі өз қойылымдарын түркі әлеміне белгілі тұлғаларға арнайды. Былтырғы концерт қазақтың ұлы композиторы Мұқан Төлебаевқа арналған болатын. Ал биыл қырғыздың дарынды опера әншісі, талай сахнаның жарық жұлдызына айналған Болат Мыңжылқиевқа арналды.

 

www.24.kz

Астанада балалар операсының премьерасы өтеді

Астанада балалар операсының премьерасы өтеді

Елордада Конгресс-Холлда 1 қазан күні аталып өтілетін Халықаралық музыка күніне орай Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясында «Қаңбақ шал» балалар операсының концерттік орындалуының премьерасы өтеді. 

 

Көрермендер Қаңбақ шалды оқыған ертегілер бойынша есте сақтаса, басқалары бұл кейіпкерді қуыршақ спектакльдерінен тамашалаған, тағы біреулері режиссер А. Әбілқасымовтың мультфильмін көрді. 1979 жылы композитор Жолдыбай Дәстенов бұл сюжет бойынша бірінші қазақ балалар операсын жазып, туынды 80 жылдары Алматыда Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында табысты көрсетілген.

 

Қазіргі заманғы қойылымға Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі (дирижері Ернар Нұртазин), камералық хоры және филармонияның классикалық вокал бөлімінің солистері қатысады.

 

Жас әртістердің орындауындағы келесі қойылым В. Дашкевичтің Астрид Лингреннің «Пеппи ұзын шұлық» ертегісінің желісі бойынша жазылған «Пеппи» мюзиклі болмақ.

 

www.astana.gov.kz

Астанада «Абай» операсы 3D нұсқада көрсетіледі

Астанада «Абай» операсы 3D нұсқада көрсетіледі

«Астана Опера» театрының үшінші маусымы «Жібек Жолы» халықаралық музыка фестивалімен ашылады. Аталған классикалық өнер мерекесіне Америка, Алмания, Польша, Жапония, Корея, Ресей және Қазақстанның әртістері қатысады.

 

Фестиваль 25-26 қыркүйектеА. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан басталады. Қазақтың аса көрнекті ақыны, ағартушысы және философы Абай Құнанбайұлының тұлғасы – қойылымдағы идеяның өзегі болмақ. Сонымен қатар, ақынның қоғамдағы оң мен сол жақтарын сүзгіден өткізетін ескішілдік пен жаңашылдықтың бітпес күресі, қос жастың – Айдар мен Ажардың романтикалық және трагедиялық махаббаты суретттеледі. Ескі дәстүрге Абай мен оның шәкірті Айдар қарсы шығады. Тамаша музыка кейіпкерлердің сүйіспеншілігін де, сот көрінісіндегі үрейді де, той-думан кезіндегі шаттықты да, қазаның шерін де жеткізеді, дегенмен соңында үміт әуені естіледі және ол әрине, Абайдың бейнесімен байланысты.

 

Ұлттық классиканы қазақстандық-итальяндық өнер ұжымы жаңа заманауи нұсқада ұсынып,3D және өзге де соңғы технологиялар қолданылады. Сондай-ақ, опера 8 қазан күні қайталанбақ.

 

www.astanaopera.kz