Жаңа Зеландияда пингвиндерге арналған жер асты жолы салынды

Жаңа Зеландияда пингвиндерге арналған жер асты жолы салынды

Жаңа Зеландиядағы Оамару қаласында пингвиндер үшін жер асты жолын салды.

 

Олар күн сайын таңертең мұхитқа барып, кешке қарай ұяларына қайта оралады. Жер асты жолы пингвиндердің автомобиль доңғалақтарының астына түсу қаупін азайтып отыр. Сондай-ақ, арам ойлы туристердің де құрығынан құтылуға  септігі тиюде.

 

Австралия мен Жаңа Зеландияны мекен ететін кіші пингвиндер құстың бұл түрінің ең бойы аласалары болып есептеледі. Денелерінің ұзындығы 30-40 сантиметрден аспайды, деп хабарлайды Қазақпарат.