Корея медицинасындағы озық технологияларымен халықаралық көрмеде танысуға болады

Корея медицинасындағы озық технологияларымен халықаралық көрмеде танысуға болады

Корея медицинасындағы ең озық технологияларымен Сеулде өтіп жатқан халықаралық көрмеде танысуға болады. Мына дефи-брилляторды Корея әлемнің жиырма мемлекетіне экспорттайды. Елдің өзінде бұл құралдар аялдамалар мен көпірлерде орнатылған. Кез келген адам дефи-брилляторды сатып алып, үйінде қолдана алады. Ал мына бауырды 3Д принтерде басып шығарған. Бұл тәсіл науқасқа операция жасар алдында нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді. Тағы да бір жаңа медициналық құрал - 3Д көзілдірік арқылы операция жасау кезінде дене мүшесін 30-40 есе үлкейтуге болады. Көрмеде емделушілер жаңа құрылғыларды сынап көруге мүмкіндік алды. Ал әлемнің түкпір-түкпірінен барған дәрігерлер кореялық әріптестерінен тәжірибе жинады.

 

Сурет: Behance