Пхеньян тағы бір баллистикалық зымыранды сәтсіз ұшырды

Пхеньян тағы бір баллистикалық зымыранды сәтсіз ұшырды

Солтүстік Корея тағы бір баллистикалық зымыранды сәтсіз ұшырды. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің стратегиялық қолбасшылығы хабарлады. Америкалық әскерилер 19 қазанда сағат кешкі 5-те елдің солтүстік-шығысындағы Кусон қаласына жақын жерде орта қашықтыққа арналған баллистикалық зымырынның ұшырылғанын байқаған. Алайда, Пхеньянның бұл әрекеті сәтсіздікпен аяқталған екен. КХДР-дың жаңа сынақтарына Жапония билігі өз қарсылығын білдірді. Десе де, ресми Токио ел аумағына қарай ұшқан еш нысанды тіркемегенін хабарлады.

 

Айта кетейік, бұл - бір апта ішінде сәтсіздікпен аяқталған Пхеньянның екінші зымыран сынағы. Алғашқысы да өткен сенбіде Кусон аймағынан ұшырылған еді.

 

 

 

Сурет: tass.ru