Филиппин еліне «Лавин» супертайфуны жетті

Филиппин еліне «Лавин» супертайфуны жетті

Филиппин аумағына «Лавин» супертайфуны жетті. Жергілікті атмосфералық, геофизикалық және астрономиялық қызметтер әкімшілігінің хабарлауынша, дауылдың тегеуріні сәл бәсеңдеген. Қазір оның ошағындағы желдің екпіні сағатына 230 шақырымға дейін жетіп отыр. Тайфун, сондай-ақ, өзімен бірге толассыз нөсер ала келген. Қатты жел үйлердің шатырларын жұлып, ағаштарды тамырымен жұлып, электр желілерін үзген. Осының салдарынан бірнеше елді-мекеннің тұрғындары жарықсыз қалды. Бұған дейін ел билігі бірнеше провинцияда дауыл туралы ескерту жасап, мектептер мен мемлекеттік мекемелерді уақытша жапқан еді.  Бірнеше өңірде тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

 

 

 

Сурет: ria.ru