«ШэньЧжоу-11» ғарыш кемесі орбиталды зертханамен түйісті

«ШэньЧжоу-11» ғарыш кемесі орбиталды зертханамен түйісті

Қытайдың «ШэньЧжоу-11» ғарыш кемесі «Тяньгун-2» орбиталды зертханасымен түйісті. Экипаж мүшелері модуль аумағына көшті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Ғарышкерлер орбиталды зертханада бір ай болады. Осы уақытта олар орбитада медициналық, ғылыми сынақтар жасайды.  Бұл - Қытай тарихындағы рекордтық миссия.

Айта кетейік, бортында екі экипаж мүшесі бар «ШэньЧжоу-11» ғарыш кемесі дүйсенбі күні таңғы 7.30-да Гоби шөліндегі «Цзюцюань» ғарыш айлағынан ұшырылған еді. Жалпы, Қытайдың ғарышты игерудегі жоспары жоғары. Келешекте Халық Республикасы Айға адам қондырып, Марсқа ұшқышсыз басқарылатын кеме ұшырмақ.

 

Сурет: tech.firstpost.com