Германияда зауыттағы жарылыстан 2 адам қаза тапты

Германияда зауыттағы жарылыстан 2 адам қаза тапты

Германияның оңтүстік-батысында әлемдегі ең ірі BASF химиялық компаниясының зауытында жойқын жарылыс болып, 2 адам қаза тапты. Тағы алты адам ауыр жарақат алып, екі кісі із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ақпарат құралдары. Оқиға Людвигсхафен қаласында болған. Алдын-ала келтірілген болжамға сәйкес, алдымен сұйық химиялық шикізатты тасымалдайтын құбырдан өрт шығып, кейін ол жарылысқа ұласқан. Алайда, өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.