Ауғанстанда мешітке жасалған тағы бір шабуылдан 15 адам қаза тапты

Ауғанстанда мешітке жасалған тағы бір шабуылдан 15 адам қаза тапты

Ауғанстанның Балх провинциясында мешітке тағы бір лаңкестік шабуыл жасалып, 15 адам қаза тапты, 30 кісі түрлі деңгейдегі жарақаттар алды.  Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары елдің билік өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды. Қолда бар мәліметке сәйкес, оқиға Ашура діни мерекесін атап өту үшін шейітер көптеп жиналған мешіттің маңында болған. Жанкешті оған жақындап келіп, денесіне орнатылған жарылғыш затты іске қосқан. Бұл оқиға лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті әзірге ешбір ұйым мойнына алмаған.

 

Айта кетейік, бұл бір тәулік ішінде Ауғанстандағы мешіттерге жасалған екінші шабуыл болды. Бұған дейін полиция киімін киген 3 содыр ел астанасы Кабулдағы шейіттер жиналған ғибадатханалардың біріне баса көктеп кіріп, жан-жақтағыларға оқ жаудырған.  Одан соң экстремистердің бірі өз-өзін жарып жіберді. Бұл қанды оқиға кезінде 18 адам қаза тауып, тағы 50 шақтысы жарақат алды. Шабуыл үшін жауапкершілікті атышулы Ирак пен Левант лаңкестік тобы өз мойнына алған. 

 

 

 

Сурет: www.dailygist.net