Гаитиде «Мэтью» дауылынан қаза тапқандардың саны 340-қа жуықтады

Гаитиде «Мэтью» дауылынан қаза тапқандардың саны 340-қа жуықтады

Гаитиде соққан  «Мэтью» алапат дауылының салдарынан қаза тапқандар саны 340-қа жуықтады. Бұл туралы Рейтер агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады. Соңғы он жылда Атлантика аймағында соққан ең жойқын дауыл қазір АҚШ-тың Флорида, Оңтүстік Каролина және Джорджия штаттарына қарай жылжып барады. Америка президенті Барак Обама аталған аймақтарда төтенше жағдай жариялады. Жергілікті биліктің өкілдері тұрғындарға қауіпсіз жерге көшу туралы кеңес берді. Флоридада жел күшейіп, 30 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Бұған қоса, аталған штаттың губернаторы дауылдың жақындауына байланысты апат салдарын жою жұмыстарына Ұлттық гвардияның 3,5 мың сарбазын тартты.