Ыстамбұлда полиция бөлімшесінің маңындағы жарылыстан 10 адам жарақат алды

Ыстамбұлда полиция бөлімшесінің маңындағы жарылыстан 10 адам жарақат алды

Түркияның Ыстамбұл қаласында полиция бөлімшесінің маңында жарылыс болып, 10 адам жарақат алды. Оқиға Ататүрік әуежайына жақын жердегі Енибосна ауданында болған. Онда  мотоциклге орнатылған жарылғыш зат іске қосылған. Жарылыстан аймақтағы ғимараттардың терезелері сынып, автокөліктерге зақым келді. Шабуыл үшін жауапкершілікті әзірге ешбір ұйым мойнына алмаған. Істің мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүріп жатыр. Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, полиция жарылысты ұйымдастыруы мүмкін күдіктіні ұстаған.