Физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды

Физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды

Физика саласында 2016 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды. Материя топологиясы саласындағы зерттеулері үшін Дэвид Таулесс, Дункан Холдейн және Майкл Костерлиц атап өтілді. Мамандар түрлі физикалық құбылысты кеңірек түсіндіретін математикалық әдістер ойлап тапқан. Лауреаттардың үшеуі де Ұлыбританияда дүниеге келген. Қазір АҚШ-та жұмыс істейді. Ал, жүлделерді тапсыру салтанаты дәстүр бойынша 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді.

 

Сурет: techno.bigmir.net