Жапонияда шетелдіктерді табиғи апаттар туралы алдын ала ескертетін жүйе енгізіледі

Жапонияда шетелдіктерді табиғи апаттар туралы алдын ала ескертетін жүйе енгізіледі

Жапония билігі шетелдіктерге табиғи апаттар туралы алдын ала ескерту жасайтын жүйені енгізбекші. Жедел ақпарат телеарна, радио және ұялы телефондар арқылы таратылатын болады. Осылайша, ел аумағындағы шетелдік туристерге қауіпсіздік шаралары туралы кеңес беріліп, жақын маңдағы паналау орталығының орналасқан жері көрсетіледі. Мұндай жүйенің қажеттілігі әсіресе 2020-шы жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының қарсаңында ерекше артып отыр. Алғашында ұялы телефондарға арналған қосымша дайындалмақ. Кейін үкімет бұқаралық хабарландыру жүйесін енгізуді де жоспарлап отыр.

 

Айта кетейік, Жапония сейсмологиялық белсенді аймақта орналасқандықтан, онда табиғи апаттар жиі болады. Жер шарындағы зілзалалардың дені осы елде тіркеледі. Бұған қоса, жаз бен күзде тайфундар жиі соғады.

 

Сурет: hronika.info