Коста-Рикада жанартаудың атқылауы денсаулыққа қауіп төндіруде

Коста-Рикада жанартаудың атқылауы денсаулыққа қауіп төндіруде

Коста-Рикада Турриальба жанартауы атқылап жатыр. Осының салдарынан Сан-Хосе әуежайы уақытша жабылып, саяхатшылар елдеріне қайта алмай әлек. Жанартаудан ұшқан күл, ұшақ қозғалтқыштарын бітеп тастауы мүмкін әрі көру мүмкіндігі нашарлайтындықтан, әуе қатынасына қауіп төндіреді. Ұшу-қону жолақтарын да күл басқан. Күкірт иісі қолқаны қабады. Ал жергілікті тұрғындардың тыныс алуы қиындаған. Әсіресе егде адамдарға ауыр тиіп тұр.