Бангладеште жолаушылар паромының апатқа ұшырап, қаза тапқандардың саны 24 адамға жетті

Бангладеште жолаушылар паромының апатқа ұшырап, қаза тапқандардың саны 24 адамға жетті

Бангладеште жолаушылар паромының апатқа ұшырап, ондағы қаза тапқандардың саны 24 адамға жетті. Тағы 8 кісінің тағдыры белгісіз, деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары. Қайғылы оқиға сәрсенбі күні Барисал округінде Сандхья өзенінде болды. Алдын-ала жасалған болжамға сәйкес, апат кемеге жолаушылар мініп жатқанда болған. Ол кезде паром бортында 60 шақты кісінің болғаны белгілі. Бейсенбі күні кеме өзен түбінен алып шығарылды. Жергілікті билік іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын ресми түрде жариялады. Дегенмен  паром жолаушыларының туыстары әлі 8 кісі табылмады дейді. 

 

Сурет: Global Look Press