АҚШ пен Израиль жаңа меморандумға қол қойды

АҚШ пен Израиль жаңа меморандумға қол қойды

АҚШ пен Израиль қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы жаңа меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2018-2028-ші жылдар аралығында Вашингтон еврей мемлекетіне 38 миллиард доллар бөледі. Қаржының бір бөлігі зымыранға қарсы қорғанысты қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жаңа келісімге сәйкес, Израиль біртіндеп АҚШ-та шығарылмаған қару-жарақты сатып алуды тоқтатуы тиіс. Сондай-ақ мемлекет Конгрестен меморандумда қаралған ақшадан бөлек қосымша қаражат сұрау мүмкіндігінен айырылады. Айта кеткен жөн, жаңа келісімдегі қаржы көлемі АҚШ тарихында өзге елге әскери көмекке бөлінген рекордтық сома болып отыр.